Қазақстандық натрий цианидінің экспорты 2 есеге өсті

Өткен жылы отандық натрий цианидіне сұраныс 19,5 % -ға 4,1 мыңнан 4,9 мың тоннаға дейін өсті. Құндық мәнде бұл 34,2% - ға артық, 2022 жылы $15,8 млн құраса 2023 жылы $21,2 млн құрап отыр. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ  ТМК және химия саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

«Натрий цианиді экспортының ұлғаюы Тәжікстан елінің өнімге сұранысының артуына байланысты», - делінген хабарламада.

Натрий цианиді тау-кен металлургия және алтын өндіру өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, металл бұйымдарын алтындау және мырыштау үшін қолданылады.

Қазақстанда натрий цианидін тек бір ғана компания - Talas Investment Company шығарады. Кәсіпорынның қуаттылығы-жылына 15 мың тонна. Жалпы ТМД аумағында бұл өнімді тек төрт зауыт шығарады.

 

СЭҚ ТН 283711

Цианидтер және натрий цианидтері

2022 ж.

2023 ж.

12 ай.

 

2023/2022

12 ай.

 

Тонна

4 113,0

4 916,0

+19,5%

Мың доллар. АҚШ

15 815,3

21 217,0

+34,2%

 

Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК