Қазақстандық кәсіпорындар жабдықты сатып алуға байланысты шығындарды өтеудің жаңа түріне өтінім бере бастады. Шығындарды өтеудің жаңа түрі ағымдағы жылдың 12 мамырынан бастап күшіне енді.
Өткен жұмада «QazIndustry» АҚ өкілдері темір-бетон бұйымдарын, қадалар, баспалдақтар және іргетас блоктарын шығаратын «Construction Company «KazConstructionGroup» ЖШС кәсіпорнына барды.
Кәсіпорын QazIndustry ұсынып отырған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша жаңа ынталандыру шарасын пайдалануға шешім қабылдаған. Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев шығындарды өтеудің тетіктері туралы түсіндіріп, қажетті құжаттар бойынша түсініктеме берді.
«Сіздер мемлекеттік ынталандыру шарасын пайдаланып, сатып алынған жабдыққа жұмсалған шығындарыңыздың бір бөлігін өтей аласыздар. Тарихи кезең екі жылды құрайды, яғни сіз алдыңғы екі жылда сатып алынған жабдықтың құнын өтей аласыз. Шығындардың 40 пайызы өтеледі, бірақ 60 миллионнан аспайды».
QazIndustry мамандары KCQ-дағы өндіріс барысымен және темірбетон бұйымдарын шығарумен айналысатын қазандықтың жұмысымен танысты. Ол бетонды кептіру үшін қолданылады.
«Бұл маңызды мәселе. Кәсіпорын қазандықты сатып алу шығындарын өтей алады, өйткені ол кәсіпорынды жылытып қана қоймайды (бұл жағдайда шығындарды өтеу мүмкін емес.), технологиялық процеске қатысады», - деп атап өтті А. Сағиев.
Сондай-ақ, QazIndustry өкілдері тағы бір кәсіпорын – Gefest Pro-ға барды. Металл бұйымдарын шығаратын зауыт кабельдік трассалар мен электр панельдерінің барлық түрлеріне арналған жүйелерді жобалайды және шығарады. Мамандар зауыт өкілдеріне мемлекеттік ынталандыру шараларының тетіктерін түсіндіріп, кәсіпорын басшылығына оларды тиімді пайдалануға шақырды.