GLASMAN
Қазақстанда ерлерге арналған классикалық киімдердің ірі өндірушісі Glasman компаниясы 25 жылдан астам уақыт бойы қазақстандықтарды дизайны бойынша да, маталардың сапасы бойынша да әлемдік стандарттарға сәйкес келетін киіммен қамтамасыз етіп келеді. Неміс атаулы қазақстандық брендтің тарихы 1998 жылдан ағайынды Хилажевтердің тігінші болған әжесінен бастауын алған.
Бүгінгі таңда Glasman өнімдері елдің барлық аймағында 43-тен астам фирмалық дүкенде ұсынылған.
Кәсіпорында 250-ден астам адам жұмыс істейді, өндірістік ғимараттар 10 мың шаршы метрді құрайды.
Фабрикада төрт өндіріс желісі бар. Атап айтқанда, пиджак, шалбар, жейде және тоқылған бұйымдар жасау. Күніне шеберлер мыңға жуық ерлер жейдесін, 400 пиджак, 500 шалбар және 150 трикотаж бұйымдарын тігеді. Glasman костюмдері мен арнайы формаларын әуе компаниялардың, ұлттық компаниялардың, коммерциялық нысандардың, банктердің, мейрамханалардың, күзет құрылымдарының қызметкерлері, сондай-ақ мектеп оқушылары киеді.
«QazIndustry» АҚ өкілдері Алматы маңындағы Талғар қаласындағы GLASMAN фабрикасында болып, киім-кешек шығару үдерісімен танысты.
«Өткен жылы біз 41 мыңнан астам өнім шығардық. Біздегі басты мәселелердің бірі ол шикізат мәселес. Біз оны Түркиядан, Қытайдан және Еуропа елдерінен әкелеміз. Жіптерді Германия мен Англиядан, маталарды Еуропадан жеткіземіз. Жеңіл өнеркәсіп секторында кадрлар тапшылығы бар, сондықтан біз мамандарды өзіміз оқытып, өсіреміз. Олардың біліктілігін Германияда оқыту арқылы арттырып отырамыз», - дейді Glasman компаниясының директоры Анвар Хилажев.
Өндірісте қатаң жұмыс тәртібі қалыптастырылған. Әр цех қойылған жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Цехта қажетті өнімнің белгіленген саны бар табло орналастырылған. Мысалы, таңертең сағат 11-де біз зауытқа барған уақытта тігіншілер осы күнге жоспарланған 1000 көйлектің 300 тіккен.
Зауыт толығымен автоматтандырылған. Материалға арналған үлгілер электронды түрде қолданылады.
Бізге GLASMAN костюмдерінің қалай жасалатынын көрсетті. Аталған процесс ауыр болғанымен, заманауи технологияларды тиімді пайдалану есебінен өте жылдам жүзеге асырылады.
Алдымен мата жоғары температурадағы арнайы машинада өңделеді. Содан кейін ол екі күн қозғалыссыз сақталады. Бұдан соң бақылаушы мамандар арнайы жабдықта материалда ақаулардың бар-жоғын тексереді. Матаның әр орамына штрих-код беріліп, мәліметтер базаға жүктеледі. Дизайнға жауапты маман электронды түрде материалға өрнек салады.
«Аталған жабдық дайындалған үлгілерді автоматты түрде әзірлейді, матаны қолмен кесу үрдісі өткен уақытқа тән құбылыс. Технологияның арқасында қателіктерге жол беру мүмкіндіктері азайғанымен, мата кесілгеннен кейін біздің мамандар оны тағы бір мәрте тексереді», — деді А.Хилажев.
Содан кейін кесілген бөлшектер тігін цехына жіберіледі. Мұнда модельдер жеке бөліктерге бөлінеді, қалталары тігіледі, аксессуарлары, белбеулері мен түймелері тағылады. Барлық процесс автоматтандырылған тігін машиналарының көмегімен жүргізіледі. Барлық үрдіс дайын өнімді үтіктеумен аяқталады.
«Біз QazIndustry-ге технологиялық процестерді автоматтандыруға жұмсалған шығындарымыздың бір бөлігін өтеуге өтінім беріп, қолдауға ие болдық. Мемлекеттік ынталандыру шаралары — бұл кәсіпорындардың дамуына мүмкіндік беретін құрал деп санаймын. Кәсіпкер өз шығындарының бір бөлігін өтейді және қаражатты өндіріс орнын одан әрі жаңғыртуға бағыттай алады. Бұл бизесті дамытуға оң әсерін береді. Отандық бизнеске осындай қолдаулар қажет, өйткені бұл елішілік құндылықтар және салықтар», — деді компания басшысы.
Жуырда кәсіпорын әйелдер мен ерлерге арналған спорттық костюмдерді тігетін жаңа желіні іске қосты. Кәсіпорын қызметкерлерінің пайымдауынша, бұл өнімдерге де сұраныс жоғары. Бүгінгі күні отандастарымыз түрік немесе итальяндық өндірушілердің өнімдерін емес 25 жылдық тарихы бар жоғары сапалы Glasman қазақстандық брендінің өнімдерін таңдап келеді.