Отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік процестерін жақсарту және өнімдерін ілгерілету бойынша өз шығындарын өтеуді жалғастыруда. Солардың бірі – мектеп және кеңсе жиһаздарының өндірісімен айналысатын павлодарлық «Troya» компаниясы. QazIndustry зауыттың технологиялық процестерін жетілдіруге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеді. Кәсіпорын мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпаратты www.qazindustry.gov.kz сайтынан көріп, осы мүмкіндікті пайдалану туралы шешім қабылдаған.
Жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпорын 2011 жылы ашылған. Кәсіпорында сегіз сағаттық ауысымда 53 адам жұмыс істейді. Мұнда негізінен еуропалық жабдықтар қолданылады. Зауыттың өндірістік қуаты тапсырыстардың үлкен көлемімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
2021 жылы компания басшылығы кәсіпорынды жаңғыртуды бастады. Екі жылға жуық уақыт ішінде жаңа ғимарат сатып алынып, өндіріс көлемі екі еседен астам ұлғайтылды. Жаңа ғимаратқа 100 млн теңгеден астам сомаға құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 200 млн теңгеге жаңа жабдықтар сатып алынды. Бұдан басқа, кәсіпорында жиһаз шығару бойынша аяқталған цикл жобасы енгізіліп, полимерлерден өз фурнитурасын өндіру жолға қойылды.
Айына зауыт 1000 дана өнім шығарады. Өнім ассортименті 114-тен астам атауды құрайды.
Қазір Қазақстанда оқушылар мен кеңсе жиһаздарын өндіру өте өзекті. Мұның негізгі себептерінің бірі еліміздегі Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы жаңа нысандардың салынуы. Ұлттық жоба еліміздегі оқушы орындары тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептер мәселесін жоюға бағытталған. Осы орайда заманауи мектеп жиһаздарының өндірісін ұлғайту қажеттілігі туындап отыр.
Аталмыш бағыттағы жұмыстарды орындау үшін Troya басшылығы әртүрлі ағаш материалдарынан панельдердің соңғы беттерін өңдеуге арналған станоктарды сатып алды (Woodman 350B және Nanxing MF50S). Жиектерді өңдеу ағаш панельдердің соңғы бетіне қаптау материалын жабыстырудан тұрады. Бұл дайын өнімге эстетикалық көрініс беріп қана қоймайды, сонымен қатар жағымсыз факторлардың әсерінен қорғайды.
Станоктарды сатып алу және осы сатып алу үшін жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу кәсіпорынға өз көрсеткіштерін жақсартуға көмектесті. Атап айтқанда, мамандар жиһаздың жаңа түрлерін жасап, өнімдерді сыртқы нарықтарға экспорттай бастады. Еңбек өнімділігі артып, онымен бірге қызметкерлердің жалақысы да өсті. Кәсіпорын өз кірістерін 5-7% - ға арттырды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың алғашқы алты айында QazIndustry кәсіпорындарға 470 млн теңгеге шығындарды өтеген болатын.