Мақта линтінен алынатын талшықты масса өнімінің экспорты 13 есеге өскен

 

 

2024 жылдың қаңтар-шілде айларында мақта линтінен алынатын талшықты масса өнімінің экспорты 13,1 есеге өсіп, $17 млн-ға жетті. Мұндай айтарлықтай өсім Грузия елі тарапынан қазақстандық өнімге сұраныстың артуынан болып отыр (елдің жалпы экспорт көлеміндегі үлесі - 100% құрайды). Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустия және экспорт орталғының жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

Мақта линтінен талшықты масса өндіретін негізгі отандық кәсіпорын «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС болып табылады.

Мақта линтінен алынатын талшықты масса жасанды тігін материалдарын, пластмассаларды, лактарды және жарылғыш заттар сияқты түрлі өнімдерді өндіруде пайланылады.

 

Мақта линтінен алынатын талшықты масса экспортының көлемі

 

Көрсеткіш атауы

2023 ж. қаңтар-шілде

2024 ж. қаңтар-шілде

өсім

Экспорт көлемі, мың. АҚШ. доллары

1 291,8

16 997,3

+13,1 есе

Грузия

-

16 997,3

 

  Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ