Француздық ARC Informatique компаниясы нақты уақыт режимінде технологиялық процестерді бақылау мен басқаруды автоматтандыру мақсатында пайдаланылатын PcVue цифрлық SCADA платформасын таныстырды. Кездесудің серіктесі «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы болды. Іс-шараға «QazIndustry» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Махмұд Көпбаев, цифрлық трансформациялау дирекциясы басшысының орынбасары Айжан Серікпаева және бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы Аида Әлшінбаева қатысып, орталықтың негізгі қызметтерімен таныстырды.
Таныстырылымға ARC Informatique компаниясының корпоративтік стратегия және маркетинг жөніндегі жетекшісі Франсуа Флеш, Орталық Азия мен Кавказ бойынша PcVue бас директоры Марина Кудрявцева, техникалық директоры Роман Мягков, Қазақстандағы APS Group Engineering атқарушы директоры Саят Каликов, сондай-ақ өнеркәсіп, энергетика және IT саласының мамандары қатысты.
«SCADA-платформалары қазіргі уақытта танымал, әсіресе қалаларды, өнеркәсіпті және энергетиканы басқаруда. ARC Informatique француздық әзірлеушісінің PcVue SCADA платформасы мониторинг және бақылау процестерін басқаруға арналған, ол өнеркәсіп, медицина, туризм, экология, энергетика секілді барлық секторларда қолданылады. Платформа әртүрлі процестерді нақты уақыт режимінде басқаруға мүмкіндік береді. Мысалы, бұл деректерді жинау мен алмасу, есеп беру, хабарландыру, диагностика, қауіпсіздік және тағы басқа. Цифрлық технологиялар экологиялық қауіпсіздікті, қалдықсыз өндірісті және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз ете отырып, тұрақты дамуға үлес қосады», - деп атап өтті Орталық Азия мен Кавказ бойынша PcVue бас директоры Марина Кудрявцева.
Кездесуде PcVue платформасын пайдаланатын брендтер туралы ақпарат берілді.
Париждегі Ritz қонақ үйі PcVue арқылы ғимараттың жарықтандыруын, вентиляциясын, температураны және қауіпсіздік сигнализациясын басқарады.
Навоид (Өзбекстан) қаласындағы күн станциясы PcVue платформасы арқылы деректерді жинау, бақылау және объектіні қашықтан басқаруды жүзеге асырады. Ең бастысы, жүйе кәсіпорында әлеуетті апаттар туралы ескертулер жасау мүмкіндігіне ие.
Электр энергиясын өндіру мен жаңартылатын көздері бойынша әлемдік көшбасшы испандық Iberdrola — өзінің бүкіл әлем бойынша жел, күн және су электр станцияларын басқаруда PcVue платформасын пайдаланады.
Әлемге әйгілі элиталық шарап өндіруші Veuve Clicquot PcVue арқылы ашыту процесін бақылауды жүзеге асырады.
Париждегі әуежайларда ұшып-қону жолдарының жарықтандыруы да PcVue платформасы жауапты.
APS Group Engineering (PcVue жүйелік интеграторы) атқарушы директоры Саят Каликов өз сөзінде: «Қазақстан банк секторында және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында цифрландыру жағынан дамыған елдердің қатарына кіреді. Алайда өнеркәсіп пен энергетикадағы цифрландыру бойынша біз, өкінішке орай, артта қалып отырмыз. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері автоматтандырудан қорқады. Кейбір өндірістерде қазіргі күнге дейін есеп жүргізу қарапайым калькулятор арқылы жүзеге асырылады. Өнеркәсіпте автоматтандырудың оң мысалдарын көбірек көрсету керек. Ең бастысы, бұл жерде «пайда табу» қағидасы емес, ресурстарды үнемдеу туралы екенін түсіну қажет» - деп атап өтті.
Сондай-ақ, кездесу барсында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының цифрлық трансформациялау дирекциясы басшысының орынбасары Айжан Серикпаева өз көзқарасымен бөлісті:
«Иә, SCADA платформалары өнеркәсіпте әлі жеткіліксіз. Бұл бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, компания басшылығы тарапынан бұл процессті толық түсінбеуінен, екіншіден қызметкерлер тарапынан өздерінің атқарып отырған жұмыстарын робот арқылы алмастырады деген ойлардан. Көптеген кәсіпорындардың ескірген жабдықта жұмыс істейтіндігі де әсер етеді, оны бірден озық цифрлық шешімдерге өзгерту қаржылық және психологиялық тұрғыдан қиынға соғады. Біз мұның бәрін түсінеміз, сондықтан өндірістерде көшпелі кездесулер ұйымдастырамыз және өнеркәсіпті автоматтандырудың артықшылықтарын түсіндіреміз. QazIndustry кәсіпорындарға цифрландырудың жол карталарын әзірлеуге және IT-шешімдерді енгізуге көмектеседі. Соңғы уақытта жұмыс берушілердің цифрландыруға, атап айтқанда кәсіпорындардағы бақылау және басқару жүйелерін енгізуге үлкен қызығушылық таныта бастағаны қуантады. Бұл жерде түсінетін маңыздысы нәрсе, өндірісті автоматтандыру — бұл қызметкерлерді жұмыстан шығару емес, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету».
Спикер қазақстандағы зергерлік өндірістердің бірін мысалға келтіріп, онда белгілі бір кезеңде шикізат — металлдың едәуір жоғалтуы байқалғанын айтты. Компания басшылығы QazIndustry-ге хабарласып, шикізатты есепке алу, сондай-ақ өндірісті бақылау және басқару жүйелерін енгізуге көмектесуін сұраған.
Айта кететіні, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылы «Цифрлық технологияларды пайдаланатын өңдеу өнеркәсібіндегі ірі және орта кәсіпорындардың үлесі» көрсеткіші 15%-дық жоспарлы деңгеймен салыстырғанда 16,4% құраған.
Бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы Аида Әлшінбаева QazIndustry тарапынан цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін өтеуді қарастыратын мемлекеттік ынталандыру шараларын таныстырды. Кәсіпорындар ынталандыру шараларына қызығушылық танытып, алдағы уақытта толығырақ ақпарат алу үшін QazIndustry мамандарымен байланыс телефондарымен алмасты.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай кездесу Алматы қаласында да а.ж. 1 қарашасында Holiday Inn Express Almaty қонақүйінде өтеді. Басталуы сағат - 10:00. Қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://www.pcvue.com/news/conferences-in-kazhakstan/