Өткен аптада Qazindustry өкілдері Алматы қаласы мен Алматы облысының 20-ға жуық кәсіпорнына барды. 28 қазан мен 1 қараша күндері аралағында орталық мамандары өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық процестерімен танысып, мемлекеттік ынталандыру шараларын алу шарттары мен тетіктерін түсіндірді.
«Qazindustry» АҚ ТМК және химияны дамыту және бизнесті ынталандыру дирекцияларының өкілдері «Sunlong» (тау-кен жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыт), «Safa Industrial» (құю бұйымдары зауыты), «Алкона» (автоклавты газбетон өндірісі), «ТехноНиколь-Орталық Азия» (полимерлі жылу оқшаулау) «Вива фарм» (дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі), «Falcon Engineering» (тауарлардың кең ассортименті бойынша көтерме сауда агенттерінің қызметі), «Алматы тігін фабрикасы» (арнайы киім), «Алматы Shoes Republik» (аяқ киім), «Alcom Engeenering» (металл есіктер мен терезелер), «QazMetproduct» (өзге дайын металл бұйымдар), «Glassman» (киім), «Clotwell» (арнайы киім), «Industrial Place» (литий-ионды батареяларды қайта өңдеу), «Telli Ondiris» (тұрмыстық химия және жеке гигиена құралдарын өндіру зауыты), «Ирригатор Қазақстан» (полиэтиленнен жасалған полиэтилен құбырлары мен тамшылау желілерін өндіру зауыты), «EGP+I» (сүт өнімдеріне арналған стақандар), «Караван-Темір» (тасты кесу және өңдеу), «Metzer» (тамшылатып суару жүйелері), сондай-ақ «Light Industries» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі (тігін цехы) сияқты бизнес субъектілеріне барды.
QazIndustry қызметкерлері кәсіпорындар басшылары және мамандарына шығындарының бір бөдігін өтеу бойынша қарастырылған мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпаратты жеткізді. Атап айтқанда, кәсіпорындар еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған шығындарының бір бөлігін өтей алады. Бұған технологиялық жабдықты сатып алу мен оны монтаждау, цифрлық шешімдерді енгізу және өзге де өндіріс тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындар жатады.
Жұмыс сапарының соңғы екі күнінде өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен (Алматы және Алматы облысы) бірлесіп жергілікті өнеркәсіп өкілдері үшін арнайы семинарлар ұйымдастырды. Кәсіпкерлер индустрияны қолдау мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылық танытып, «мемлекеттік ынталандыру шараларын отандық өндірісті дамытудың және жаңғыртудың өте тиімді тәсілі», - деп атап өтті.
Сондай-ақ, іс-сапар аясында Qazindustry бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев PcVue бақылау мен басқаруды автоматтандыруға арналған француздық SCADA-платформасының таныстырылымына арналған семинарға қатысты. Іс-шара барысында мемлекеттік ынталандыру шаралары, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыруды қолдауға бағытталған шаралар туралы түсініктеме берілді. Qazindustry өндіріске IT-шешімдерді енгізуге жұмсалған шығындардың 40-50% көлеміндегі бір бөлігін өтейді.