Бағалау критериі — өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі

Ұлттық операторлар ұсынатын кез келген мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігі негізінен бұл шаралар өңдеу өнеркәсібі субъектілеріне стратегиялық мақсаттарға жетуге қаншалықты табысты септігін тигізетініне қарай бағаланады. Бұл шаралардың басты мақсаты — отандық кәсіпорындардың дамуына қолдау көрсету және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері арасында мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігіне кезекті бағалау жүргізді. Зерттеу 2022 жылдың мамыр айында бекітілген «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігін бағалау әдістемесі» аясында жүзеге асырылды.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту, экспортқа шығу және басқа да мақсаттарда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру тетігі бойынша қолдау алған кәсіпорындардың көрсеткіштері есепті кезең ішінде айтарлықтай жақсарған. Яғни, бағалауға қатысқан және мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің негізгі көрсеткіштері бұрынғы кезеңмен салыстырғанда өскен.

Мемлекеттік ынталандырудың тиімділігі өндіріс көлемін арттыру, экспортты ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жоспарлардың орындалу көрсеткіштері ескерілетін индекстер жүйесі арқылы бағаланады. Бағалау нәтижелері операторлардың басым бөлігі жоғары немесе орташа тиімділік деңгейіне жеткенін көрсетті.

Тиімділік деңгейін бағалау нәтижелері бойынша екі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру тетігі төмен тиімділік деңгейіне ие:

«Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті несиелеу, бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлес қосу және зауытты жаңғыртуға қаржылық қарыз беру» («Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, өңірлік даму институты);

«Лизингтік қаржыландыру. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» («Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ).

Орта деңгейдегі тиімділікке тоғыз оператор ұсынған келесі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру тетіктері ие болды.

«Өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу» («QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ);

«Қаржыландыру, оның ішінде инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру» («Қазақстан Даму Банкі» АҚ);

«Қаржы институттары беретін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау» («Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ);

«Жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті несиелеу. Соңғы өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатында шикізат сатып алу үшін бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлес қосу және 0,1% қаржылық қарыз беру» («Kokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ);

«Жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті несиелеу. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларына өнім өндіру мақсатында бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлес қосу» («Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ);

«Жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті несиелеу. Бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлес қосу және жабдық сатып алу жобаларын бірлесіп қаржыландыру» («Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ);

«Жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті несиелеу» («Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ).

«Сыртқы нарыққа шикізаттан тыс экспортты ілгерілету үшін экспорттық сауда қаржыландыру, несиелеу, сақтандыру, қайта сақтандыру және мәмілелерді кепілдендіру механизмдерін қолдану» («Қазақстан Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ);

«Еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру» («QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ);

Тиімділіктің жоғары деңгейі екі оператор ұсынған екі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру тетігі байқалды:

«Жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті несиелеу. Алматы қаласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдетілген несие беру (2%-дан 6%-ға дейін)» («Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ);

«Жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті несиелеу» («Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ).

Тиімділіктің жоғары деңгейі өндіріс көлемі мен экспорттың айтарлықтай өсуін көрсеткен операторларға беріледі. Осы операторлардың қолдауын алған кәсіпорындар тек өндірістік қуаттарын жаңартып қана қоймай, халықаралық нарықтардағы қатысуын да кеңейте алды.

Орташа тиімділік деңгейі жоспарлы көрсеткіштерге жеткен, бірақ күтілетін нәтижеден асып кете алмаған жобаларға тағайындалды. Дегенмен, тіпті осындай кәсіпорындар да еңбек өнімділігін арттыру мен экспорттық әлеуетті ұлғайтуда оң динамика көрсетті, бұл өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру тетігі тұрақтылығын көрсетеді.

Бағалау нәтижелері бойынша, мемлекеттік ынталандыру бағдарламаларына қатысатын операторлардың және қатысушылардың басым бөлігі өз міндеттемелерін орындауда оң динамика көрсетті. Дегенмен, оң нәтижелерге қарамастан, бірқатар жобалар әлі де іске асырылу кезеңінде және олардың тиімділігін бағалау әлі алда тұр. Есепті кезеңде **өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру тетігі арқылы жалпы 11 044 жоба қаржыландырылған, олардың бүгінгі күні 4 986 жобасы іске асырылу сатысында (аяқталмаған). Жобаларды аяқтау еңбек өнімділігін арттыру, экспортты ұлғайту және салық түсімдерін көбейту сияқты маңызды бағыттар бойынша тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Талдау нәтижелері Ұлттық баяндамада көрсетіледі. Тиімділік индексі төмен болған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру тетігі операторлары құралдың қазіргі нұсқада жүзеге асырылу тиімділігін талдауы қажет.