Құрметті кәсіпкерлер!
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ өнеркәсіп кәсіпорындарын сауалнамаға қатысуға шақырады. Сауалнама өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың қызметін жақсартуға бағытталған.
Жүргізілген сауалнаманың қорытындылары индустриялық дамуды бағалау және еліміздегі өнеркәсіп саласының жағдайы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдап жатқан шаралары туралы Мемлекет басшысын хабардар ету мақсатында әзірленетін Ұлттық баяндаманы қалыптастыру үшін негіз болады.
2026 жылғы сауалнамаға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша мемлекеттік тілде https://forms.gle/PCwKj4ZZGjdATMNX6 немесе https://forms.gle/DkK6T5iqAn1xhFDi7 сілтемесі бойынша орыс тілінде онлайн-сауалнаманы толтыруды сұраймыз.
Сауалнаманы онлайн-форматта өту мүмкін болмаған жағдайда, қоса беріліп отырған сауалнаманы толтырып, электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: dipmpsrk@gmail.com.
