Ақтөбелік кәсіпкерлер шығындарын қайтаруға мүмкіндік алады

Ақтөбелік кәсіпкерлер шығындарын қайтаруға мүмкіндік алады

 

2017 жылдың 12-13 қазан күндері «AKTOBE INVEST-2017» V халықаралық инвестициялық форумы аясында ақтөбелік кәсіпкерлерге индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету Ережелерінде орын алған өзгерістер туралы толық мағлұмат берілді.

            Индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне аймақтық кластерлерді дамыту және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған Мемлекеттік қолдау көрсетудің қолданыстағы Ережелерін түсіндіру мақсатында Қолдау құралдары орталығының бас сарапшысы Арыстанбек Сагиев Ақтөбе облысының кәсіпорындарында кездесулер өткізді:   

 

 

1.   «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС 2015 жылы құрылған. Зауыт құбыр, құбыр желілерін, профильдер, болат фитингтерін шығарумен айналысады. Зауытта жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін жаңа, жоғарытехнологиялық қондырғылар орнатылған. Сонымен қатар, зауытта болашағына өршіл мақсат қоя білетін, келешегінен үміт күттіретін және шығарылатын өнім тізімін арттыруды жоспарлайтын жас мамандар еңбек ететінін атап өту қажет.

 

 

2.   Тіркемелі техника шығаратын «Технодом-СТ KZ ӨК» ЖШС зауыты  NAZAR TRAILER сауда белгісімен 2014 жылы құрылған. Шығарылатын өнімінің Қазақстан нарығында аналогы жоқ: Өндірістік кәсіпорын Қазақстан территориясында өндірістің сызбадан бастап дайын өнімге дейінгі өндірістің толық үрдісін қамтитын алғашқы кәсіпорын.   

 

3.  «Talan Technology» ЖШС 2016 жылы құрылған. Зауыт жеңіл және ауыр автокөлік, құрылыс және т.б. техникасының тозған дөңгелек шиналарын қайта өндірумен айналысады. Бүгінгі күні зауыт спорт, демалыс, балалар ойындарында сонымен қатар аулаларды безендіруде қолданылатын резеңке тақтайшаларын өңдіреді.

 

 

4.   «Актобе TOPSA Плас» ЖШС антифриз және басқа еріткіш және химиялық реагенттерін өндірумен айналысады. Зауыт 2017 жылдың шілдесінде қолданысқа енгізілген.

 

 

Форумның екінші күні Қолдау құралдары орталығының бас сарапшысы Арыстанбек Сагиев «Аймақтын әлеуетін ескере отырып Мемлекеттік қолдау көрсету» тақырыбындағы панельді сессиясына қатысып, аталған шара қатысушыларына «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ тарапынан көрсетілетін Мемлекеттік қолдау көрсету механизмдері мен шарттары туралы толық мағлұмат берді. Бизнес өкілдері аталмыш шараларға қызығушылық танытып, қызықтырған сұрақтарын қойды.

 

 

 

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 3 қазан күні Мемлекеттік қолдау көрсету ережелеріне, өтініш берушіге қойылатын талаптарды жеңілдетуге бағытталған өзгертулер күшіне енді.

 

Шығындарды қайтару құралдарының әр-қайсысында тарихи мерзімі 24 айға дейін ұлғайды. Сонымен қатар, қайтарылатын шығынның максималды мөлшері 60 миллион теңгеге дейін арттырылды. Тек кәсіпорын құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарын қайтару мөлшері өзгеріссіз қалды – бұл құралдың максималды қолдау сомасы 30 миллион теңгені құрайды.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптар қайта қаралды, технологиялық үрдістердің жетілдіруге септігін тигізетін қызметтер/жұмыстар тізімі кеңейтілді.

Актобе, Тараз, Уральск, Алматы, Петропавловск, Павлодар, Актау, Атырау, Шымкент, Кызылорда, Костанай