«ҚИДИ» АҚ: Германия мен Қазақстанның арасындағы екі жақты қарым-қатына

«ҚИДИ» АҚ: Германия мен Қазақстанның арасындағы екі жақты қарым-қатынас.

«Қазақстандық индустрияның даму институты» АҚ индустриялық саясаты орталығының сарапшылары екі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Германияның сыртқы саудасы, Қазақстанмен өзара саудасы, сонымен қатар, Қазақстан мен Германияның арасындағы өнеркәсіптік кооперация әлеуеті көрсетілген талдауын ұсынды.

Мұндай зерттеулерді Институт Қазақстан Республикасының индустриялық саясатының құрылымдық реформасын іске асыруға арналған оңтайлы шешім жолдарын табу үшін әлемдегі индустриялық саясаттардың негізгі беталыстары мен ең жақсы практикаларын талдау мақсатымен жүргізеді. Экономиканы дамыту мен экономикалық өсімнің жаңа қайнар көздерін іздеудің қазіргі жағдайларында ұлттық экономика өнеркәсіптің жоғары өнімділігін қамтамасыз етуге қабілетті болып табылатын тиімді стратегияны қажет етеді. Стратегия әлем елдерінің индустриялық саясатын іске асырудың табысты тәжірибесіне негізделген болуы тиіс.

Осылай, мәліметтерге сүйенсек,  Германияда 2000 жылдан бастап ЖІӨ өсімінің айнымалы жоғарғы қарқыны байқалуда, оған қоса,  Германия жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі бойынша Қазақстаннан шамамен 5 есеге асып тұр. Алайда, соңғы 2 жылдың ішінде  Қазақстан Германиядан ЖІӨ-ң өсу қарқыны бойынша алда тұр. 2016 жылы Global Finance Magazine экономика деңгейі бойынша елдердің рейтингін құрастырды, мұнда Германия жан басына шаққанда ӨӨҚ бойынша топ-20 ең бай елдердің қатарына кірді (185-ң ішінен 19 орын).

Германия постиндустриялық ел болып табылады, Германия экономикасының құрылымында (2016 ж.) көрсетілетін қызметтің (54%), өндірістің (45,9%) және агро-бизнестің (0,1%) үлесі басым. Тек 2016 жылы Германия әлемнің 219 елінен импорттап, 227 еліне экспорттады.

Егер Германияның сыртқы саудасы туралы айтатын болсақ, онда Германияның топ-10 импортталатын тауарларының қатарына бөгде тауарлар (6,7%), жеңіл автокөліктер (4,8%) және моторлық көлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтары (3,5%) жатады.

Біздің елмен жасалатын өзара сауда туралы айтатын болсақ, неміс тауарларының Қазақстанға импортының үлесі 2013-2016 жылдар аралығында 2 950 млн. АҚШ долларынан  1 256 млн. АҚШ долларына дейін құлады. Қазақстан Германиядан негізінен құбырларды және басқа да түтікшелерді (13%), дәрі-дәрмектерді (9%), сұрыптауға арналған қондырғыларды және т.б. (4%). импорттайды Өз кезегінде, Қазақстан Германияға ферроқорытпаларды (26%), минералды отынды, мұнай мен оның өнімдерін (21%), сутегі мен инертті газдарды (19%) экспорттайды.

 

Сонымен қатар, ҚИДИ сарапшылары Қазақстан мен Германияның арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның әлеуетін анықтау мақсатында зерттеу жүргізді, оның нәтижесі бойынша, тау-кен, химия, фармацевтика, машина құрылысы және құрылыс материалдарының өндірісі секілді өнеркәсіп салаларындағы 10 тауарлық позициялардың тізімі жасалды (Қазақстанның көзқарасы бойынша). Бұл тізім 6 сатылы таңдау (сәйкес импорттық тауарлар бойынша қиылысын және ҚР және ГФР өндірісінің болуын анықтау, тауар позицияларын RCA, PCI, Distance индекстеріне тексеру жолымен) жолымен жасалды.

 

Осылайша, өнеркәсіптік кооперация үшін әлеуеті бар 10 тауарлық позициялар қатарына жеңіл дистилляттар мен өнімдер; өңделмеген алюминий; битуминозды жыныстардан алынған мұнай мен мұнай өнімдері (шикізаттан басқа); электр машиналары мен қондырғылар, олардың бөлшектері;  табаны резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе композициялық былғарыдан жасалған аяқ-киім; бірінші ретті формадағы этилен полимерлері;  тек іштен жану қозғалтқышынан тұратын көлік құралдары; алюминий шыбықтары мен профильдері; шариктік немесе роликтік мойынтіректер; өңделмеген цинк кірді.

Сонымен қатар, «ҚИДИ» АҚ аналитикалық дайджесті бойынша, Германияда металлургия, химия өнеркәсібі, машина құрылысы, жеңіл және өңдеуші өнеркәсіп дамыды.  Әскери зауыттардың конверсиясы өте білікті жүргізілді. Мемлекет жұмыс күшін қайта оқыту бағдарламасын енгізді.

Халық шаруашылығының негізін әлі күнге дейін индустриялық сектор құрайды. Және неміс ғылымы мен үлкен бизнесінің пікірі бойынша, Төртінші өнеркәсіптік революция келе жатыр.  Ол арасында деректер тәуелсіз түрде алмасатын машиналарды, станоктарды, қойма бөлмелерін Интернетке қосу арқылы зауыттық үдерістерге кибер-физикалық жүйелердің бірігуін болжайды.

Олар белгілі әрекеттерді өздері бастап, өздері бір-бірін басқарады. Экономикалық субъектілердің осындай революцияға дайындау үшін 2011 ж. “Индустрия 4.0” өнеркәсіпті дамыту тұжырымдамасы құрылды – 2014 жылдан ол практикаға бірінші кезекте машина құрылысына, автомобиль өнеркәсібіне, көлік-логистикалық секторына енгізіледі.  Экономиканы дигитализациялау шеңберінде, мемлекет оны іске асыруға үлкен бизнеспен қатар, кіші және орта компанияларды жұмылдыруға тырысып және бірмезгілде оны немістің шаруашылық-саяси кеңістігінің жағымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін пайдалана отырып, осы бастаманы белсенді түрде қолдайды. Германия саясатының бағыттарының бірі атап айтқанда, АҚШ-пен, Франциямен және Жапониямен “Индустрия 4.0” шеңберінде халықаралық серіктестікті дамыту болды.

Мысалы, қазіргі кезде "ҚИДИ" АҚ ҚР ИДМ қолдауымен және құзыретті серіктестерімен (Германиядағы Fraunhofer қолданбалы зерттеулер институты, Швецияның Business Sweden сауда және инвестициялар кеңесі, және Финляндиядағы Nokia телекоммуникациялық қондырғыларының өндірушісі) бірлесе отырып Кешеннің төртінші өнеркәсіптік революция элементтерінен тұратын негізгі салаларын технологиялық қайта құру шараларын жүргізуде.

Талдау көрсеткендей, бүгінгі күні Германияға Қазақстанның басым секторларының тауарлары экспортталады. Осылайша,  «ҚИДИ» АҚ сарапшыларының пікірі бойынша экономиканың  басым секторларын одан әрі ынталандырып, Германияға жіберілетін тауарлардың көлімен арттыру үшін Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамытқан маңызды.

Осы және басқа дайджесттердің тоқсан сайын Институттың www.kidi.gov.kz ресми сайтындағы «Аналитика» бөлінде жазылатынын айта кету керек.