Кластерлік даму орталығының қызметкерлері Тимур Шалабаев, Жанна Байтемірова, Зауре Нұрғалиева және Мәдина Нуркина, «ҚИДИ» АҚ Төрағасының Бірінші Орынбасары Марат Ыдырысовтың басшылығымен Колу
«Кластерлер заманауи индустриалды саясат құралдарының бір бөлігі ретінде» сессиясы шеңберінде, индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасындағы кластерлерді дамыту саясаты бойынша баяндама ұсынылды. «ҚИДИ» АҚ, Дұниежүзілік банктың «Қазақстандағы ШОӨ бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылатын, ИИДМБ аясындағы 2.2 «Бәсекеге қабілетті секторлар» компонентін жүзеге асырудағы аймақтық кластерлерді дамытудың операторы және негізгі серіктесі болып табылады. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру барысында «ҚИДИ» АҚ 2016-2017 жж. ҚР өңірлерінде ауқымды ақпараттық-кеңестік жұмыстар атқарды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ағымдағы жылдың сәуір-маусым аралығында аймақтық кластерлерін іріктеу конкурсына өтініш қабылдау туралы хабарлама жасаған болатын. Қазақстан Республикасының өндірістік даму Комиссиясының 6 сынамалы аймақтық кластерлерді іріктеу мақсатында өткізілетін отырысы күтілуде. Бұл жұмыс Дүниежүзілік банктің, Еуропалық кластерлерді жетілдіру қорының және Инфиде компаниясының әдістемелік қолдауымен жүзеге асырылуда.
Конференция барысында «ҚИДИ» АҚ қызметкерлері Боготаның құрылыс материалдар өндірісі, туризм және сүт өнімдерін шығару кластерлеріне сапар шекті. Сонымен қатар, Чилидің өндірістік даму Коорпорациясы, Колумбияның кәсіпкерлік, индустрия және туризм министрлігіне қарасты ИННпульс корпорациясы, Онтүстік Кореяның Кемьйонг Университеті және Америка Құрама Штаттарының Компетитивнесс компаниясының өкілдерімен болашақтағы серіктестік бойынша бірқатар кездесулер өткізді.
ҚИДИ» АҚ Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап TCI network - кластерлердің бәсекеге қабілеттілігін дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар желісінің ұйымдастырушы мүшесі болып табылады. TCI network сарапшылары әлемнің түкпір-түкпірінде кластерлік даму саласында еңбек етуде. Олардың арасында Айфон Фвокс-Вильмс (Жаңа Зеландия), Варнер Паммингер (Австрия), Эмили Вайс (Швеция), Альберто Пецци (Испания), Реза Заде (Ұлыбритания) және т.б. бар. Халықаралық желіні Гарвард бизнес мектебінің Профессоры Кристиан Кетелс басқарып келеді.
Аталған жаһандық конференция, Қазақстанды экономиканы әртараптандыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және үздік халықаралық тәжірибені пайдалана отырып кластерлік саясатты жетілдіру бағытында еңбек етіп жүрген ел ретінде танытты.