«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ жыл сайынғы Ұлттық инновациялар конкурсын қорытындылады.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ жыл сайынғы Ұлттық инновациялар конкурсын қорытындылады.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ оқушылар, студенттер, рационализаторлар, журналистер және өңірлер арасындағы жыл сайынғы Ұлттық инновациялар конкурсын қорытындылады.

Инновациялық қызметті халық арасында дәріптеу конкурстың негізгі мақсаты болып табылатындығын атап өткен жөн.

Рационализаторлар мен журналистер арасында номинациялар бойынша конкурс екі кезеңде өткізілді, жеңімпаздарды анықтау тәуелсіз Сараптама комиссиясының бағалау баллдары негізінде өтті.

Студенттер мен оқушылар арасында номинациялар бойынша конкурс үш кезеңде өтті. Әр номинация бойынша 10 үміткер енген финал қорытынды кезең болды.

Барлық жобалар бәсекеге қабілетті, іске асыру әлеуеті жоғары, өзекті және нарыққа бағдарланған. Әзірлемелер адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

«Ең инновациялық-белсенді өңір» номинациясы бойынша жеңімпазды анықтау барысында өндіріске жаңа технологиялар енгізуші компаниялардың өсу критерийлері, технологиялық инновациялар бойынша шығындар, өндірілетін өнім көлемі, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша шығындар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының патентіне өтінімдер бойынша 2018 ж. статистика ескерілді.

         Барлық номинанттар ақшалай сыйлық алады. Ресми марапаттау рәсімі 2019 жылғы 14 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.