Қазақстанның тау-қазбалық секторын автоматтвндыру және сандық технологияларды енгіз
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ (ары қарай «ҚИДИ» АҚ) тау-металлургиялық жиынтық аймағында Қазақстанның тау-кендік кәсіпорындарын ары қарайғы модернизациялау сұрақтары бойынша семинар-практикум өткізді.
Семинар шаралардың Жалпы ұлттық жоспарларын жүзеге асыру шегінде Мелекеттің Елбасының 2017 жыл 31 қаңтарғы «Қазақстанның үшінші жаңашаландырылуы: ғаламдық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру бойынша өтті.
Бұл семинар тау-қазбалық өнеркәсіп бойынша ағымдағы жағдайларды талдауға, өндірістік үрдістерге сандық технологияларды енгізуді қолдау және ынталандыру шараларын қалыптастыруға бағытталған шаралардың бүтін жиынтықтарының элементтерінің бірі болып табылады.
«ҚИДИ» АҚ Басқармасының жеткешісінің орынбасары Сабит Суханов алғы сөз сөйледі. Оның сөздерінше, 2017 жылы желтоқсанда 2025 жылға дейінгі технологиялық қайта жабдықтау бойынша шаралар жиынтықтары бекітіледі, яғни өнеркәсіптің ары қарайғы автоматтандырылуы және сандық технологиялармен жабдықталынулары үшін мемлекеттік қолдау шараларының негізгі мақсаттары, тапсырмалары және бағыттары бекітілетін басшылықтың арнайы Қаулысы қабылданады.
- Қазір біздер өнеркәсіптің базалық салаларына Индустрия 4.0 элементтерін енгізулермен айналысудамыз. Бұл семинар-практикумде біз Швециялық серіктестерімізбен бизнеспен ашық диалог өткізгіміз келеді – яғни Қазақстанның тау-кендік секторы аймағындағы өз істерінің мамандарымен. Оның қорытындылары бойынша жоғары тиімділікті және жақсартылған еңбек жағдайлары бар заманауи кен-қазбалық қызметтерге өту жайлы ұсыныстар құрастырылады,- деп Сабит Суханов атап өтти.
Семинар-практикум бағдарламасы қатысушылар баяндамаларынан және топтардағы жұмыстардан құралды.
Пленарлық сессия барысында қатысушылар Қазақстандағы тау-қазбалық жиынтықтың және Швециядағы тау-кендік кластерлер дамуы, «АК Алтыналмас» АҚ мысалында республикадағы атқарушы сандық кен көздері жайлы, ТМЖ кәсіпорындарының өнеркәсіптік қауіпсіздіктерін қамтамасыз етулер үшін отандық жүйелердің дамулары жайлы толығырақ біле алды.
«ҚИДИ» АҚ серіктестерінің, Headminig AB өкілдерінің – пайдалы қазбалар кеніне басымдылықты технологиясы саласы және бизнесті дамыту бойынша кеңесшілер – Йохан Хедлин және Дженни Гребергтердің айтуларынша, "Индустрия 4.0" – бұл ең алдымен стандарттандыру, технологиялық үрдістердің инновациялық жиынтығы, олар икемді өндірістік ұяшықтарға жеңіл интегрирлене алады, олар өз кезектерінде бір-бірлерімен өзара әрекеттесе алады. Бұл инвестицияларды жоспарлауға, шығындарды және қауіптерді азайтуға мүмкіндік береді.
Семинардың екінші бөлімінде шведтік мамандар Қазақстандық тау-кендік кәсіпорындар өкілдерінен Индустрия 4.0 элементтерін енгізулердің қиындықтары және мүмкіндіктері, болашағы жайлы толығырақ біле алды. Олардың араларында қазақстандық тау-кендік кәсіпорындардың топ-менеджменттері, сондай-ақ бизнес-трансформациялар бойынша, «Евразийская Группа» (ERG) ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Корпорация Казахмыс» ЖШС, «НГК «Тау-Кен Самрук» АҚ, «KAZ MineralsBozshakol» ЖШС, «АК Алтыналмас» АҚ, «Полиметалл Евразия» ЖШС, «Алтай Кен-Байыту» ЖШС, «Шалкияцинк Л.» АҚ және басқаларының өндірістері бойынша жетекшілер, сонымен қатар AtlasCopco, AF халықаралық компанияларының өкілдері, «Тау-металлургиялық кәсіпорындар ассоциациясының» өкілдері, «Назарбаев Университеті», «Д.А.Қонаев атындағы тау-кен істері институты» тәрізді ғылыми ұйымдар өкілдері де болды.
Атап өтетін жағдай, өткізілген семинар шегінде Индустрия 4.0 бағдарламасы бойынша жұмысшы топ Васильковский ("AltyntauKokshetau" АҚ ("Казцинк" ЖШС), Нұрқазған ("Корпорация Казақмыс" ЖШС) және Жолымбет ("ТМЖ Казахалтын" АҚ) кен орындарына сапарларын ары қарайғы модернизация үшін өнеркәсіптермен және олардың мүмкіндіктерімен толығырақ танысу мақсаттарында жалғастырады.