Индустрия 4.0: Сұхбат алу кезеңі аяқталды
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның сарапшылары неміс Фраунгофер Қоғамының (Fraunhofer-Gesellschaft) мамандарымен бірлесе бір апта бойы индустрияландыру саясатын құру үрдісіне қатысатын мемлекеттік органдардан, дамыту институттардан және басқа мүдделі тараптардан сұхбат алды.
Сұхбат алу барысында сарапшылар өнеркәсіпте Индустрия 4.0 (IT технологиялары, өндірісті автоматтандыру және сандандыру және т.б.) элементтерін енгізуді қолдау бойынша ағымдағы жағдайды анықтау үшін мүдделі тараптардың бастамаларын анықтады. Ол үшін Фраунгофер мамандары Қазақстан өнеркәсіптерінің дайындық деңгейін бағалау әдістемесін әзірледі.
2017 жылғы 10-14 шілде аралығында 30 ұйым, мемлекеттік органдар, машина жасау, металлургия, химия компаниялары, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, тағам және фармацевтика өндірістері сұхбаттанудан өтті. . Сұхбат алынған ұйымдар ішінде «Зерде» ҰИХ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, Бәйтерек, "Транстелеком" АҚ, «ТДҰА» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ, «ДАМУ» АҚ, «NADLOC» АҚ, «Атамекен» ҰКК, ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ассоциациясы, жиһаз жасау және ағаш өңдеу өнеркәсібінің ассоциациясы, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «ИТП» ДКҚ, "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" АҚ , «Назарбаев Университеті», Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығы, «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, IoT Kazakhstan, «КазАгро» ҰБХ» АҚ,сондай-ақ ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (Ақпараттық қауіпсіздік комитеті) өкілдері болды.
Сұхбат жүргізетін екі топ мамандарының тығыз кестесіне «ҚИДИ» АҚ-ның кеңсесінде тет-а-тет және скайппен ғана емес, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындарға және өңірлерге сапармен шығу кірді.
Осылайша біздің мамандар тобы а.ж. 13 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңдеу өнеркәсібі секторының «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, High Industrial Lubricants & Liquids (HILL) Corporation, «Химфарм» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, KARLSKRONA LC AB және«Ferrum Corp» ЖШС басшылар құрамынан сұхбат алды.
Кейінгі модернизациялау және кәсіпорындармен толығырақ танысу мақсатында сарапшылар Васильковский ТКБК (“Қазцинк”), Нұрқазған кенорнына (“Қазақмыс”) және Жолымбет кенорнына (“Қазақалтын”) сапармен барғандығын атап өткен жөн.
Сұхбат алу және сауалнама жүргізу қорытындысы бойынша Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге өңдеу өнеркәсібіндегі секторлардың дайындығын талдау бойынша есеп дайындау жоспарланып отыр.
Сұхбат алу - өңдеу өнеркәсіптерінің Индустрия 4.0 дайындығына Қазақстандық жағдайларға үйлестірілген диагностика жүргізу әдістемесінен біріккен әзірлеуден басталған талдау кезеңінің екінші кезең екендігін атап өткен жөн. Бірінші дайындық кезеңі осы жылдың ақпан-сәуір айларында жүзеге асты, оның ең маңызды нәтижесі – ҚИДИ серіктес болып анықталды. Бұл ретте ғылым мен бизнес тоғысында әрекет жасайтын бірнеше шетелдік компаниялар болып шықты. Олардың бірі болып Германиядағы 69 қолданбалы инстуттарды біріктірген неміс Фраунгофер Қоғамы (Fraunhofer-Gesellschaft), соның ішінде Өнеркәсіптік автоматтандыру институты, Жаңа материалдарды зерттеу институты, Зияткерлендірілген жүйелердің институты және т.б. болды.
ҚИДИ келесі кезеңдерде нақты ұсыныстарды және кәсіпорындарды қолдау механизмдерін қалыптастыруды бастайды. Іс-шаралар кешені осы жылдың қыркүйек айында ұсынылады. Қорытынды құжат жылдың аяғында үкімет қаулысымен қабылданады.
Осы жылдың желтоқсан айынан кешіктірмей ҚР Үкіметі Қазақстан өнеркәсібіне Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша іс-әрекеттер жоспарынан тұратын қаулыны қабылдау керектігі туралы естеріңізге саламыз. Бұл тапсырма ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен 2017 ж. Қазақ халқына жоладуында қойылды.