Кеше Қазақстан машина құрастырушылардың V форумы шеңберінде Астанада «Қазақстандық индуст
Кеше Қазақстан машина құрастырушылардың V форумы шеңберінде Астанада «Қазақстандық индустрияны дамыту институтының» ұйымдастыруымен «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін арттыру арқылы кәсіпорындардың бәсекелестікке қабілеттілігін ұлғайту» атты VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның жұмысына «NOKIA» фин компаниясы, «Fraunhofer IFF» автоматтандыру бойынша неміс институты, SIEMENS AG герман концернның бизнес бөімшесінде қызмет атқаратын шетелдік сарапшылары, даму институты, кәсіпкерлік палаталары, қазақстандық өндіріс орындарының өкілдері және т.б. қатысты.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Айдарбаев Алик Серікұлының өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанда Индустрия 4.0 элементтерін өндіріс саласына енгізу бойынша жүргізілетін жұмыстардың аса маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Өндіріске цифрлы технологияны енгізу отандық кәсіпорындардың үлкен жетістіктерінің бір болады. Мына жаһандық қарқынды бәсеке жағдайында Қазақстанға технологиялық тұрғыда артта қалып қалмау ғана емес, сонымен бірге, еңбек өнімділігін арттыру мен өнімнің кастомизациясы арқылы жаңа нарық кеңістігін жауалап алу маңызды»,-деп атап өтті А.Айдарбаев.
Конференция барысында өндіріс үрдістерін оңтайландыру әдістері, Индустрия 4.0-ге мамандарды дайындау және қазақстандық өндіріс орындарының нәтижелілігін арттыруға бағытталған мемлекет тарапынан жасалынатын қолдау мәселелері талқыланды.
«Цифравизация арқылы жүзеге асатын реинжиниринг – бұл Қазақстан үшін тмаша мүмкіндік. Шынымен айтқанда, тарихтағы ұлы кезеңдерінің бірі болып табылатын, жаңа эра - Төртінші өндірістік революциясына қадам басуға жолымыз болып тұр. Бірінші өндірістік революция болып бу машиналары мен темір болса, екіншісінің – электр қуаты, болат, химикаттар мен телекоммуникациялар болды. Үшінші өндірістік революциясы Ғаламтор, мобильді құрылғылар мен бұқаралық мағлұматтарды қолданумен пайда болды. Төртінші өндірістік революциясы басқа сөзбен айтқанда, «Индустрия 4.0» зауыттағы операцияларды түрлендіреді, оған себеп – өндірістің сандық технологияларға көптеп көшуі. Адамдар мен машиналар еш қиыншылықсық бірлесіп қызмет атқарады, үрдістер автоматты түрде орындалады. Ақыр аяғында келешектегі зауыттар тиімдірек, өнімдірек, қауіпсізірек және икемдірек болады. Оны енгізудің қарқындығы компаниялар, салалар мен мемлекеттердің жаһандық бәсегеке қабілеттілігін айқындайды», - деп ойымен бөлісті NOKIA Europe аға вице-президенті Маркус Борхерт.
«ҚИДИ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Сәбит Суханов Индустрия 4.0 технологиясының элементтерін қосатын 2025 жылға дейінгі техникалық қайта жарақтану кешенді шарасын әзірлеу мен іске асыру мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, бұл бағытта қаржыландырудың, біліктілігі жоғары маманның тапшылығы және цифрландырудың тиімділігін түсінбеушілік сияқты кедергілер бар.
Қазақстанда Индустрия 4.0 технологиясын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттердің ішінде тиісті инфрақұрылымды дамыту, адами капиталын, Индустрия 4.0 технологиялары мен біліктілігін дамыту және оны дәріптеу мәселелері көрсетілген.
Кездесу барысында «ҚИДИ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алия Арестанбаева өндірістік-инновациялық қызметінің субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыру мен территориялды кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету ережелеріндегі өзгерістер туралы айтып өтті.
Индустрия 4.0 бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Назарбаев Университетте робототехника мен мехатроника саласындағы мамандарды дайындау тақырыбына өз баяндамасымен робототехника мен мехатроника кафедрасының профессоры Алмас Шинтемиров сөз сөйледі:
" Назарбаев Университетінде "Робототехника и мехатроника" мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасында мамандарды дайындайды. Бұл бағдарлама бойынша студенттерге негізгі инженерлік пәндер оқытылады. Барлық пәндер бойынша курстық жұмыстар заманауи жабдықталған зертханаларда орындалады. Онымен бірге түлектердің «робототехника» мамандығы бойынша магистратура және PhD докторантурада оқу мүмкіндігі бар.
АЛАРИС ғылыми-зерттеу лабораториясында Индустрия 4.0 элементтері құрастырылады – технологиялық операцияларды орындауда адам-оператормен өзара әрікеттесу үшін өндіріс роботтарды басқару жүйесі, мүмкіндігі шектелген адамдарға арналған оңалту және көмектесу робототехника жүйесі, қолдың роботталған протезі (жасанды мүше) және тағы да басқалар.
Конференцияға қатысқан баяндамашылардың тізімі:
1. Михаил Нам, «NOKIA Казахстан» Бас директоры. Тақырып: «Келешектегі сандық фабрикалары»
2. Хуан Мануэль Эстебан, INFYDE ID кластерлік дамыту сарапшысы. Тақырып: Индустрия 4.0 мен кластерлер: Баскі елінің тәсілдемелері
3. Дмитрий Сазонов, «РСТ-Инвент» ЖШҚ Бизнесті дамыту жөніндегі менеджері. Тақырып: «Фармацевтика саласының мысалында RFID технологияларының көмегімен өндірістік үрдістерді оңтайландыру»
4. Кристиан Блобнер, «Fraunhofer IFF» автоматтандыру институты, Халықаралық зерттеулер орталығының басшысы. Тақырып: «Индустрия 4.0: Қазақстандық компаниялардың келешегі».
5. Петрушин Андрей Александрович, SIEMENS PLM Software, ТМД-дағы сату бойынша директоры. Тақырып: «Машина жасау кешені мекемелерінің цифрлік трансформациясы, өндіріс көшбасшыларының қолдану мысалдары»
VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ
Дереккөз: «ҚИДИ» АҚ Баспасөз қызметі. Сайттағы материалдарды қолдану үшін міндетті түрде дереккөзге сілтеме жасау керек.