«КИРИ» Алматы облысы өңдеушілерімен бірге семинар-кеңеске қатысты

2018 жылғы 2 наурызда Алматыда АЭА индустриялық аймағын игеру қызметі барысында «Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» АҚ жұмылдыратын Алматы облысы өңде

Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету ережелері шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында семинарға «КИРИ» басқарма төрағасының орынбасары Алия Арестанбаева қатысты.

2017 жылғы 3 қазанда Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету Ережелеріне енгізілген өзгертулер күшіне енгені туралы еске саламыз, оларға сәйкес:

-  тарихи кезеңі 24 айға дейін ұлғайды.

- кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығынның орнын толтыруды қоспағанда, Өтініш берушіге келтірілген шығынның орнын толтырудың ең жоғарғы сомасы 60 миллион теңгеге дейін ұлғайды.

- бұл құралдағы ең жоғарғы қолдау сомасы – 30 миллион теңге.

- қызмет көрсету кезінде жұмылдырылатын штаттағы және/немесе штаттан тыс бір маманның болуы жеткілікті.  

- *Бұл ретте кейбір құралдарда тиісті жұмыс өтілінің растамасы бар техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды тарту қарастырылған.

- Ережелер аясында технологиялық үдерістерді жетілдіру жүзеге асыруға бағытталған қызметтер/жұмыстар тізбесі кеңейтілді. Осылайша, монтажға және/немесе шефмонтажға (алғашқыда тек шефмонтаж қарастырылған) байланысты шығындар да өнім өндіру үдерістерін қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға жатады.

- сарапшылар тарту, сондай-ақ Ережелер қағидаларына сәйкес құралды алу өтініміне қоса тіркелетін орындаушы көрсеткен қызметтер нәтижесі бойынша есепке қойылатын талаптарды енгізу арқылы озық өндірістік тәжірибелерді енгізу мақсаттары айқындалды.

 

2017 жылы 35 өтінім бойынша жалпы сомасы 208,6 млн. теңге болатын шығынның орны толтырылды.

Бағдарлама туралы толығырақ оқу

2018 жылы ұйымдастырылған шығынның орнын толтыру жөніндегі іс-шаралар туралы білу:

Мынадай қалаларда  былтырғы жылы өткен семинарлар туралы білу: Ақтөбе, Тараз, Орал, Алматы, Петропавл, Павлодар, Ақтау, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Қостанай.

 

Сұрақтар бойынша мынадай мекенжайға хабарласуға болады: Астана қ., Достық к.,  18, «Москва» БО, 19-қабат.

Байланыс нөмірлері: +7 (7172) 983782, 983781 (ішк.1029, 1027, 1059, 100).

Дереккөз: «КИРИ» АҚ Баспасөз қызметі. Сайт материалдарын пайдалану кезінде дереккөзке міндетті түрде сілтеме жасау қажет.