КИДИ – Қытай Қазақстанға жоғары инвестициялық қызығушылық танытуда

Қазіргі таңда Қазақстан және Қытай ведомствалары арасында серіктестік жоспары әзірленуде.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Пейжінге жасаған сапары шеңберінде Қытайдың  Даму және реформалар бойынша  мемлекеттік комитеті және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі арасында өзара түсіністік мемарандумына қол қойылды. «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Болат Жансүгіров бұл құжаттың екіжақты қарым-қатынастың дамуындағы маңызы жайлы Bnews.kz. тілшісіне баяндап берді.

«Мемарандум мақсаты «Бір белдеу, бір жол» бастамасын, «Қытайда жасалған 2025» және «Интернет+» бағдарламаларын «Нұрлы жол», ИИДМБ  және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларымен түйіндестіру болып табылады» - деді Болат Жансүгіров.

Жібек жолы экономикалық белдеуі бастамасын іске асыру аясында  қазақстан-қытай ортақ жобалары белсенді жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі күні жалпы құны 28 млрд долларды құрайтын 51 ортақ жоба енгізілген пакеті қалыптастырылды, олардың 11 бойынша қазірдің  өзінде жұмыс жүргіліп келеді. 2018 жылы бұл жобалардың 363 млн долларды құрайтын алты жобасы қолданысқа енгізіледі. Оның сөзінше, Қытай тарапынан Қазақстанға деген жоғары инвестициялық қызығушылығын ескеретін болсақ, құжат болашақ ортақ жобаларды іске асырудың инвестициялық Жол картасы болуы тиіс.

«Мемарандум өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, логистика, көлік, туризм, инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаны қорғауды дамыту сияқты экономика салаларында ақпарат алмасуды көздейді. Біз үшін бірінші кезекте жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыру жұмыстары қалай жүріп жатқаны және Қытайдың өз бағдарламаларын жүзеге асыруда алға қойған басты міндеттерін түсініп білу  қызықты», өзіңіз көріп отырғандай бұл серіктестіктің ауқымды бөлігі. Мемарандум әзірше екі елдің ниеттерін белгілеп берді, бірақ жақын арада біз оларды іске асыруды бастауға міндеттіміз», -  деді сұхбат беруші. 

Мемарандумды іске асыру жұмыстары қазақстан тарапынан – Қазақстандық индустрия дамыту институтына (серіктестік жоспарымен қамтылған мәселелер бойынша мүдделі органдарды тарту арқылы) жүктелетін болса, қытай тарапынан – Қытай даму банкіне және Қытай халықаралық инженерлік консалтингтік корпорациясына жүктеледі.

Серіктестік жоспарын әзірлеу жұмыстары 2018 жылдың аяғына дейін әзірленіп, содан кейін халық назарына ұсынылатын болады.