«Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабылеттігін арттыру» Ұл
«Қазақстан Республикасында кіші және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабылеттігін арттыру» Ұлттық банкінің жобасына қатысу үшін аумақтық кластерлерді іріктеу байқауына Қазақстан өңірлерінің кәсіпорындар тобынан сұранымдар қабылдау 2017 жылғы 8 маусымда аяқталды.
Байқау 2017 жылғы 10 сәуірден 8 маусымға дейін индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (ИИДМБ) кластерлік дамуы бойынша компонетін іске асыру шеңберінде өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, аумақтық кластерлерді дамытудың операторы «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ы (бұдан әрі – ҚИДИ) болып анықталды.
Жобаны іске асыру үшін «ҚИДИ» АҚ-ы кластерлік даму үшін арнайы шетелдік компанияларды, яғни кластерлік әдісті пайдаланған Еуропаның ең алғашқы өңірлерінің бірі болған Кластерлік бастамалардың Еуропалық қоры және Баск елдерінің (Испания) Инфиде компаниясын тартты.
Қазақстанның кәсіпорындарының қатысуын қамтамасыз ету мақсатымен аумақтық кластерлерді іріктеу байқауында «ҚИДИ» АҚ-ы ҚР өңірлерімен белсенді ақпараттық-консультациялық жұмыс жүргізді. Осылайша, 2016 жылдың маусым айынан 2017 жылдың маусым айлары аралығында 300-ден астам кәсіпорындарына кездесу жүргізіліп, облыс әкімдіктері ақпараттандырылды, өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен (ӨКП), арнайы экономикалық аймақтарымен, ҚР бизес-ассоциацияларымен жұмыс жүргізілді. «ҚИДИ» АҚ-ы 10 сәуір мерзімінде Инфиде кеңесшісі Хуан Мануэль мырзамен бірігіп ҚР өңірлеріне қайта барып әкімдік алаңдарында, ӨКП-да, және ассоциацияларда бизнес кездесулер өткізді. Іс-сапарлардың негізгі мақсаты аумақтық кластерлерді іріктеу байқауының негізгі қағидаларын,сұранымдарды бағалау әдістерін түсіндіру және сұранымдарды толтыруда кеңес беру.
ҚР өңірлеріне барудың нәтижесі бойынша байқаудың аяқталуына қарай 21 сұраным, олардың ішінде Алматы қаласынан (4), Оңтүстік Қазақстан облысынан (1), Ақмола облысынан (2), Шығыс Қазақстан облысынан (3), Маңғыстау облысынан (1), Қостанай облысынан (2), Павлодар облысынан (3), Қарағанды облысынан (2), Алматы облысынан (1), Батыс Қазақстан облысынан (1), Жамбыл облысынан (1) келіп түсті.
Іріктеу рәсімін өткізгеннен кейін ҚР Премьер-Министрінің қарауындағы Қазақстан Республикасының өндірістік даму жөніндегі Комиссия 6 пилотты аумақтық кластерлерді анықтайды. Одан кейін «ҚИДИ» АҚ-ның тобы шетелдік кеңесшілермен бірлесіп 2017-2019 жж. жоба бойынша жоспарланған іс-шараларды іске асыруды бастайды.
- Іріктелген Аумақтық кластерлердің ағымдағы жағдайына диагностика жасау және кластерлердегі стейкхолдерлердің кең ауқымын жұмысқа тарту;
- Құрылымдау бойынша ұйымдастырушылық жұмыс және кластерлерді басқару және аумақтық кластерлердің стратегиялық тапсырмаларын және жоспарларын әзірлеу;
- Кластерлерге арналған мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу және кластерлерді дамыту жоспарларын жүзеге асыру.
Бұл жұмыстың нәтижесі аумақтық кластерлерді дамыту жұмыстарының Жоспарын қалыптастыру (әр пилотты кластерге арналған жеке жұмыс жоспары) болып табылады және 2018-2019 жж. бастап бұл Жоспардан мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып іріктелген кластерлер арасынан практикалық шараларды іске асыру жоспарлануда.