Қызылордалық кәсіпорындар 60 млн. теңгеге дейін қайтара алады

2018 жылғы 11-12 сәуір аралығында Қызылорда облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырған семинар-кеңес өткізілді.

 

Аталған семинардың мақсаты - Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру.

Семинарға Қызылорда облысының шамамен 30 кәсіпорны атсалысты. "ҚИДИ" Қолдау құралдары орталығының бас сарапшысы Арыстанбек Сағиев Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

 

 

2018 жылғы 11-12 сәуір аралығында Арыстанбек Сағиев Қызылорда облысы әкімдігінің Индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірге Қызылорда қ. және Қызылорда облысының аудан орталығы Шиелі к. өнеркәсіп орындарының басшылығымен жұмыс кездеулер өткізді және олардың өндірісімен танысты:

1. "Қызылорда аз тонналы мұнай өңдеу зауыты" ЖШС - мұнай өнімдерін өндіру, Қызылорда қ.;

2. "Қуат" ЖШС - полимерлерден жасалған құбыр өндіру,
Қызылорда қ.;

3. "ШИЕЛІ-ЖОЛШЫ" ЖШСЫ - жұмсақ шатыр және су оқшаулағыш материалдар өндіру зауыты, Қызылорда облысы Шиелі к.;

4. ЖК "Ермахан" - түйе сүтінен ашыған сүт өнімдерін өндіру, Қызылорда облысы Шиелі к.;

5. "КЕМИКАЛ Қазақстандық Мұнай-химия Компаниясы" ЖШС - полимерлерден жасалған құбыр өндірісі, Қызылорда облысы Шиелі к.;

6. "Асылхан" ШҚ - ашыған сүт өнімдері өндірісі, Қызылорда облысы Шиелі к.

7. «Компания Гежуба Шиелі цемент» ЖШС - цемент зауыты құрылысының объектісі.

 

 

"ҚИДИ" АҚ қызметкері қолдау шараларын көрсету шарттары мен тетіктерін түсіндірді, "ҚИДИ" АҚ ұсынатын мемлекеттік қолдау шараларын алуға үшін өтінімдер мен құжаттар пакетін дайындау мәселесі жөнінде кеңес берді.

 

 

Кәсіпорындармен кездесу барысында технологиялық процестердерді жетілдірумен, қызметкерлердің құзыреттілігін, өндірістің тиімділігін арттырумен байланысты шығындар анықталды, оларды аталмыш қолдау шаралары шеңберінде қайтаруға болады.

Бағдарлама туралы толығырақ оқыңыз.

Сұрақтар туындаса, мына мекенжай бойынша ұлттық институтқа тікелей хабарласуыңызға болады: Астана қаласы, Достық көшесі, 18, "Мәскеу" БО 19 қабат. Байланыс нөмірлері: +7 (7172) 983781, 983782 (ішкі 1029, 1027, 1059, 100).