20-21 ақпанда Астанада Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы кәсіпкерлік қорының «Қосарлы білім беру – кәсіпорындарды бәсекеге қабілеттілігі мен инновациялылығы. Қазақстан үшін және герман-
Іс-шара Қазақстандағы қосарлы білім беру жүйесін енгізу бойынша қорытынды жасау және алдағы жоспарларды талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Конференция 8 тақырыптық блокқа бөлінді:
- Болашақта кәсіпорындардағы мамандарға қойылатын біліктілік талаптары
- Қазақстандағы қосарлы кәсіптік білім берудің өзекті ахуалы мен перспективалары
- Үйретуші кәсіпорындар үшін қосарлы оқытудың тартымдылығы
- Қосарлы кәсіптік білім беру жүйесінің институттары
- Цифрлау. Қазақстан үшін (шағын және орта кәсіпорындар үшін, стартаптар үшін), сондай-ақ қазақстандық-германиялық ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар
- Цифрлық еңбек әлеміндегі біліктілік құзыреттері (цифрлау нәтижесінде еңбек әлемінің өзгеруі)
- Қазақстан үшін «Жаңа Жібек жолы» жобасының перспективалары. Астана мен Алматының логистикалық кластерлерін дамыту
- Көліктік-логистикалық сала мамандықтарының үлгісіндегі қосарлы оқыту.
Қоғам басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Марад Идрисов «Кластерлік даму перспективалары және көліктік-логистикалық орталықтардың рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
«Голландиялық гүл кластерінің дамуын қамтамасыз еткен Голландияның логистикалық кластері жақсы үлгі болып табылады. Голландияда 3 770 компанияда жылына 6 млрд. гүл өндіріледі. Шығарылатын гүлдердің 50%-ы Голландиядан экспортталады. Гүлдер аукционда 12 сағат тұрады және оларды брокерлер мен ірі желілер сатып алғаннан кейін келесі таңда Еуропаның жақын елдеріндегі дүкен сөрелерінен, ал бір күннен кейін бүкіл әлем бойынша табуға болады. Астана мен Алматының логистикалық кластерлерін дамыту – ел экономикасының нақты қажеттілігі» - деп көрсетті Марат Макеевич.
Кластерлік саясатты жүзеге асыру Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және ҚР Үкіметі және Халықаралық банк арасындағы «Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы аясында іске асады. Жоба аясында кластерлік бастаманы жүзеге асыру мақсатында кластерлік талдау жүргізілетін 6 пилоттық аумақтық кластер іріктелді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кластерлік саясатын одан әрі жүзеге асыру үшін қажетті база мен мемлекеттік қолдаудың жалғаспалы шаралары әзірленді.
Осы жобаны жүзеге асыру аясында Кластерлік даму орталығының қызметкерлері осы жылдың өзінде бағдарлама қатысушыларымен кездесулер ұйымдастырды:
- Ақмола облысының сүтті қайта өңдеушілерімен кездесу
- «ҚИДИ» Қостанай облысының бидайды қайта өңдеушілерімен кездесу өткізді
- Қарағанды облысында құрылыс кластері өз жұмысын бастады
- «ҚИДИ» Оңтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық кластер қатысушыларымен кездесу өткізді
- ҚИДИ Алматы облысының туристік мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысуда
- Алматыда жиһаз кластері өз жұмысын бастады
Конференция Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия Қоғамы және мемлекеттік ұйымдар сарапшыларының, сондай-ақ Қазақстанның экономикасы өкілдерінің қатысуымен қосарлы оқыту саласында тәжірибе алмасу бойынша диалогтік алаң қызметін атқарды.ф