Маңғыстау облысының кәсіпкерлеріне Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы таныстырылды

Маңғыстау облысының кәсіпкерлеріне Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы таныстырылды

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы (бұдан әрі - QazIndustry) облыс әкімдігімен және өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, кеңес ұйымдастырушысы болды.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ-3) салалық басымдықтардан өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында тиімді экспортқа бағытталған өндірушілерді қолдау пайдасына көшуді көздейді.

Кеңеске қатысушыларға QazIndustry Басқарма төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов мәлімдегендей, «ИИДМБ-3 өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін экспорттауға ерекше акцент жасайды. Шикізат секторын дамытуды ынталандырудың жүйелік шаралары төмендегі бағыттар бойынша болады: техникалық реттеу, инвестициялық климат, экспортты жылжыту, технологияларды дамыту, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, ЕО және ДСО итеграциялау, ішкі нарықты дамыту және кадрлар дайындау.  Тікелей ынталандыру шаралары сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті басымдықтардың тұрақты дамуына және кәсіпорындардың «экспорттық жетілуіне» бағытталатын болады. Ол 4 шартты топтан тұрады: «жаңа индустриялық ойыншы», «берік тыл», «өсу драйверлері» және «ауырлық орталықтары». Әлеуетті және қазіргі экспорттаушыларды ынталандыру оқыту, кеңес беру, халықаралық сертификаттау мен тасымалдау, «салық кредиті», экспорттық кредиттеу және т.б. тұрады».

Бұл шаралар Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді және төмендегі мақсатты индикаторларға алып келеді: еңбек өнімділігінің өсуі 1,7 есе, шикізат экспорты көлемінің өсуі 2,3 есе, негізгі капиталға инвестициялар 2,3 есе, кәсіпорындар санының өсуі 1,6 есе, экономикалық күрделілік индексі әлемдік экономикалық күрделілік рейтингінде 55 орынға дейін көтеріледі (бүгінгі күнгі 81-орынмен салыстырғанда).

Жоба шеңберінде индустриялық-инновациялық саясат мониторингін жақсарту үшін жаңа «Е-Industry» мемлекеттік ақпараттық жүйесі жасалатын болады, ол бизнес субъектілерді тіркеу, статистикалық, салықтық, сыртқы сауда, лицензиялық және басқа есепке алу түрлерін жүргізетін қолданыстағы мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктірілетін болады.

Сонымен қатар, облыс кәсіпкерлерін QazIndustry құралдарының желісі – өңделген тауарларды сыртқы нарыққа жылжытуға (экспорттаушыларды қолдау), еңбек өнімділігін арттыруға байланысты шығындардың бір бөлігін өтеумен және инновациялық гранттармен таныстырды.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге қатысты туындайтын барлық сұрақтар бойынша 8 7172 983 787 (+444) телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз.