12 наурызда, Алматы қаласында, Жиһаз кластері қатысушыларының «ҚИДИ» АҚ кластерлік даму Орталық қызметкерлері Тимур Шалабаев және Индира Баяндиновамен, және «ҚР-дағы ШОБ-тің бәсекеге қабілетт
Кездесуге «Алматинская мебельная фабрика» ЖШС, «КАРА компаниясы» ЖШС, «Торнадо Plus» ЖШС, «ДСП- Центр» ЖШС, «Lam Tech» ЖШС, «Art-мебель» ЖШС, «Азия Мебель» ЖШС, «Blum Central Asia» ЖШС сияқты жиһаз индустрия кәсіпорнының жетекшілері мен өкілдері, Қазақстан Республикасы Жиһаз және Ағашөңдеу өндіріс кәсіпорын қауымдастығының жетекшілігі, Алматы құрылыс техникалық колледжі және Алматы қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жиһаз саласында ғаламдық трендтер қарастырылды, өңірде жағдай бойынша статистикалық деректер мен талдамалы шолу келтірілді, сала мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.
Тақталы материалдардың жеткізілім жетіспеушілігі, тауар өтімі мәселесі, көлік шығыны, логистикамен қиыншылықтар, технология/жабдықтарды жаңарту қажеттілігі, білікті мамандардың жетіспеушілігі және нашар білім беру базасы, ұлттық стандартты әзірлеу және енгізу қажеттілігі, инфрақұрылым жоқтығы және басқалар сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Қазақстанның әр-түрлі кластерлер қатысушыларының кездесулері туралы оқу:
- Жиһаз кластері Алматы қаласында жұмысын бастады
- «ҚИДИ» Оңтүстік Қазақстан облысының фармацевтикалық кластерінің қатысушыларымен кездесу өткізді
- Қарағанды облысында құрылыс кластері жұмысын бастады
- ҚИДИ Алматы облысының туристік мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысады
- Ақмола облысында сүтті қайта өңдеушілермен кездесу туралы
- «ҚИДИ» Қостанай облысының бидайды қайта өңдеушілермен кездесу өткізді
Анықтама үшін: Кластерлік саясатты өткізу Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) және ҚР Үкіметі мен «Қазақстандағы Шағын және Орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін арттыру» Дүниежүзілік банк арасындағы жоба аясында жүзеге асырылады. Жоба аясында, кластерлік бастаманы өткізу мақсатында, 6 сынамалы аумақтық кластерлерді анықтау жобаланып отыр және олар бойынша кластерлік талдау жүргізіледі, сонымен қатар, мемлекеттік қолдаудың ілеспе шаралары мен Қазақстан Республикасында кластерлік саясаттың алдағы дамуы үшін қажетті база әзірленді.