Қазақстанда минералды тыңайтқыштар нарығының жағдайы туралы
Жыл сайын ғаламшар халқы шамамен 78 млн. адамға артып отырады. Және адамзаттың жаһандық проблемаларының бірі оны азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Оның шешімі ауыл шаруашылық дақылдарын тиімді өсіруде. Тиімділігі, өз кезегінде, жаңа технологияларды енгізу, еңбекті ұйымдастыру және агрохимия секторын дамыту есебінен қамтамасыз етіледі.
Ауыл шаруашылық дақылдары өндірісінің көлемдері өсуіне ықпал ететін факторлардың бірі топырақтың құнарлылығы болып табылады.
1 см топырақ шамамен 250-300 жылда жасалады, 3 жылда жойылады.
Соның салдарынан көптеген елдердің негізгі міндеті топырақ құнарлылығын жақсарту болып табылады.
Өсімдіктердің өсуі үшін қажеттісі: су, жарық және нәрлі заттар, олар топырақта болады, бірақ көбінесе осы нәрлі заттар жеткіліксіз және «құнарландырудың» алуан түрлерін – минералды тыңайтқыштарды қолдану қажет болады.
Мадрид политехникалық университетінің мәліметтері бойынша, дүние жүзінде 2050 жылға қарай минералды тыңайтқыштарды тұтыну 1,3 есе өседі. Әлемде минералды тыңайтқыштардың ең ірі тұтынушылары ҚХР, Үндістан, АҚШ пен Бразилия болып есептеледі.
Нәрлі заттар 3 түрге бөлінеді – бұл азот, ол өсімдіктердің жылдам өсуіне, сабақтар мен жапырақтың жасыл көлемінің дамуына ықпал етеді; фосфор, тамырының өсуіне жауап береді, сондай-ақ гүлденуін тездетеді; калий – ауруларға қарсы күресу үшін және өнімділік сапасын арттыру үшін қажет.
Қытай мен Үндістан минералды тыңайтқыштарды шығарудың әлемдік көшбасшылары болып табылады.
Қолжетімді шикізатқа байланысты оны өндіру үшін азоттық тыңайтқыштар нарығы ең бәсекелі болып есептеледі, оның үлесіне тыңайтқыштардың барлық нарығының 60%-ы келеді, одан кейін 25%-ы фосфос тыңайтқыштарына және 15%-ы калий калий тыңайтқыштарына келеді.
Қазақстанда минералды тыңайтқыштар өндірісі химиялық өнеркәсіптің 20%-ын құрайды және ішкі мен сыртқы нарықтарда химиялық өнеркәсіптің анағұрлым бәсекеге қабілетті секторы болып табылады.
Бүгінгі күні минералды тыңайтқыштардың отандық өндірісінің негізгі кемшіліктерінің бірі минералды тыңайтқыштардың кең сұрыптамасының жоқтығы болып табылады.
Азоттық тыңайтқыштар өндірісінен негізгі шығарылатын өнім аммиакты селитра («КазАзот» АҚ), фосфор тыңайтқыштары өндірісінен – аммофос («Казфосфат» ЖШС) болып табылады, солар бойынша өндіріс көлемдері төменде келтірілген.
2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы азоттық тыңайтқыштардың өсімі 12%-ды құрады, фосфорлы тыңайтқыштар бойынша 1%-ға азаюы байқалады. 2017 жылғы қаңтар-маусымда 2016 жылғы сәйкес кезеңге қатысы бойынша минералды тыңайтқыштар өндірісінде өсімі азоттық тыңайтқыштарға 6%-ын және фосфорлы тыңайтқыштарға 70%-ын құрады.
Азоттық тыңайтқыштардың қазақстандық өндірушілері көбінесе отандық нарыққа бағытталған және шамамен ішкі тұтыну нарығының 78%-ын жабады, 22%-ы импортқа келеді.
Фосфор тыңайтқыштары бойынша отандық өндірушілер ішкі сұранысты 100%-ға жабады.
Минералды тыңайтқыштар экспорты
Минералды тыңайтқыштардың экспорты мен импортының көлемдерін салыстыра отыра, заттай мәнінде химиялық өнеркәсіп экспортының құрылымында минералды тыңайтқыштар көшбасшы жайғасымға ие болатынын атап өту керек.
2012-2014 жылдар кезеңінде азоттық тыңайтқыштар экспортының негізгі көлемі Қырғызстан мен Әзербайжанға жеткізілді. 2016 жылдан бастап босатылған тауаша нәтижесінде РФ мен Украина арасында енгізілген санкциядан, «ҚазАзот» АҚ Украинамен азот тыңайтқыштарын жеткізуге келісімшарт жасасты. Фосфор тыңайтқыштары экспортына қатысты келетін болсақ, 2014 жылы негізгі көлемі Беларусьқа жеткізілді және 2017 жылдан бастап Қытайға экспортының артуы байқалады, бұл Қытайдың өзінің ішкі сұранысын өтеу мақсатында фосфор және азот тыңайтқыштарына әкелетін кеден баждарының мөлшерлемелерін Қытайдың азайтуына орай, өткізу нарығын қалпына келтірумен байланысты.
Минералды тыңайтқыштар импорты
Минералды тыңайтқыштар импортының құрылымында азот тыңайтқыштары басым болады, олар Өзбекстан мен Ресейден жеткізіледі. Тұтастай алғанда 2016 жылы Қазақстанға аммиакты селитраның 156 мың тоннасы импортталды. 2017 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде 111,5 мың тонна тыңайтқыш импортталған, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ға артық болып келеді.
Өңірлер бөлінісінде азотты тыңайтқыштар импорты бойынша көшбасшылар қатарында 2016 жылы Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облысы мен Алматы қаласы болды.
Минералды тыңайтқыштар өндірісін жалпы шолудан негізгі сұраныс азотты тыңайтқыштарға, атап айтқанда аммиакты селитраға келеді.
Сонымен аммиакты селитра әр түрлі климаттық аймақтарға бейімделетін және бағасы бойынша анағұрлым қолжетімді болатын әмбебап тыңайтқыш болып табылады. Төменде Ресей мен Өзбекстаннан аммиакты селитра импортының динамикасы келтірілген, онда 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2017 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде импорттың артуы Ресейден 70%-ға, Өзбекстаннан – 45%-ға байқалады.
Аммиакты селитра импортының артуы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі минералды тыңайтқыштарды субсидиялау жүйесіне өзгерістер енгізуімен түсіндіріледі.
2017 жылдан бастап отандық және шетел өндірісіндегі минералды тыңайтқыштарды тең субсидиялау принципі енгізілді.
Осылайша азот тыңайтқыштарына бағаларды азайту есебінен Өзбекстан мен Ресей тарапынан бәсекелестік күшейеді.
Тұжырым: минералды тыңайтқыштар – бұл азық-түлік тауарларына сұранысты жабатын басты ресурстардың бірі. Минералды тыңайтқыштар өндірісі Қазақстанның химиялық өнеркәсібінде ең қажетті болып қалады, оның өндірісін Өзбекстан мен Ресей тарапынан құрылған бәсекелестіктің арасында жақсарту үшін қолданылатын тыңайтқыштардың номенклатурасын кеңейту мақсатында қазіргі кәсіпорындарды жаңғырту ғана емес, сонымен қатар перспективалы технологияларды әзірлеу мен ендіру, дистрибуция арналарын өңдеу қажет. Жылыжай шаруашылығы, азықтық фосфаттар мен қоспалар үшін аралас тыңайтқыштардың немесе кешенді азотты-фосфорлы-калий тыңайтқыштарының, суда еритін тыңайтқыштардың өндірісін игеру қажет.
Қазақстанның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінде минералды тыңайтқыштарды алуға қатысты жаңалық: ҚР АШМ 2017 жылдың соңына дейін тестілік режимде ауыл шаруашылық өндірушілер үшін көрсетілетін қызметті іске қосады, онда тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялауды автоматтандыру жүргізіледі. Субсидиялауға өтінім ХҚКО арқылы электрондық түрде беріледі.
«Индустрия 4.0» элементтерін енгізу
Минералды тыңайтқыштар өндірісінің көлемі бойынша 2-орын алатын Mosaic халықаралық компаниясы өз клиенттерін тыңайтқыштарды дұрыс енгізу (әрбір жеке дақыл үшін түрлер, көлемдер) бойынша дайын шешімдермен қамтамасыз етеді, клиенттер үшін оқытуды жүргізеді.
Agrium компаниясы 2010 жылдан бастап ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерді тыңайтқыштарды енгізу және ең үлкен астықты алу әдістеріне үйрету бойынша бағдарламаны енгізді.
Өз құзыреттері мен кірістерін арттыру үшін отандық кәсіпорындарға фермерлерге консультациялық қызметтер көрсетудің әлемдік практикасын пайдалану, сондай-ақ солардың көмегімен фермерлер егістіктер мен астық бойынша ахуалды талдай алатын өңірлік агрохимиялық кешендерді (тыңайтқыштарды өндіру мен сақтау) және егіндердің агрохимиялық карталарын құру ұсынылады.