Субсидияларды ерікті түрде келісу жобасы мақұлданды
Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы (ЕЭК) айрықша субсидияларды өндірістік тауарлар мен Комиссия сот ісін жүргізуге қатысты ЕЭК-мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) мемлекеттерінің ерікті түрде келісу тәртібі туралы келісім жобасын мақұлдады. Құжат қол қойылуға қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін ЕЭО мемлекеттеріне жіберілді.
Жобаға сәйкес 2017 жылы ЕЭО мемлекеттерінде Комиссиямен айрықша субсидияны ерікті келісу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, Одақ мемлекеттері өнеркәсіптік субсидия мәселелері бойынша iс жүргiзу қажет болған ретте ЕЭК-на жүгінуге мүмкіндік алады.
ЕЭО мемлекеттеріне айрықша субсидияны келісу туралы өтініштердің түсуі кезінде ЕЭК Келісімде бекітілген критерийлерге сәйкес келуін не келспеуіне сараптама жүргізеді. Сараптама нәтижелері бойынша соңғы шешімді ЕЭК алқасы қабылдайды.
Келісу механизмін қолдану арқасында ЕЭК-на өтініш білдірген мемлекеттер Одақтың кез-келген мемлекет тарапынан ЕЭК-мен келісілген субсидия алушыға қатысты өтемақы шараларын енгізгеннен кейінгі тәуекелден сақтандырады.
Бұдан басқа, келтірілген залал тәуекелдері туралы куәлік ететін негіздер болған кезде берілетін өнеркәсіптік субсидияға қатысты тексеру процедурасын бастау үшін одақ мемлекеттірінің ЕЭК–ға жүгіну құқығы болады. Осындай норма баламалы механизм бола алады, өйткені мемлекеттер ЕЭО туралы келісімге сәйкес ұлттық деңгейде тергеу бастауға мүмкіндігін сақтап қалады.
Комиссиялық тергеу сияқты механизмді пайдалану, ондағы ЕЭК үшінші, риясыз тарап болып шығатын, субсидияларда залалдың болу не болмауына немесе қауіп төндіру оны қолдану нәтижесінде тәуелсіз айрықша субсидия берудегі объективті анализ жасауға қамтамасыз етеді.
Тергеу нәтижесі бойынша Комиссия ЕЭО мемлекеттерінің орындауы міндетті болатын шешім қабылдайды.
Келісім жобасының құрамындағы келісу және тергеу механизмдері Комиссия әрекетінің анықтылығын қамтамасыз етеді және барлық одақтық мемлекеттерге ашық болады. Процедуралар барысында мемлекеттер арасында консультациялар жүргізу қарастырылатын ақпараттың кең өрісін алуға, кешенді және барлығын қамтитын сараптама жүргізу негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Келісім жобасының барлық ережелері Одақтың жалпы нарығында әділ бәсекелестік орта қалыптастыруға бағытталған.