Қызылорда облысындағы кластерлеумен танысу
Ағымдағы жылдың 6-нан 8-ақпан аралығында «Қазақстандық идустрия даму институты» АҚ-ның Кластерлі даму орталығының қызметкерлері Қызылорда облысына сапар шегіп, «Атамекен» ӨКП-мен және аумақтың кластерлерді іріктеуге әлеуетті қатысушылары болып табылатын жақын маңда орналасқан кәсіпорындармен жұмыс кездесу өткізді. Бұл сапардың мақсаты аумақтық кластерлерді іріктеу критерийлері мен сұранымдарды беру тәртібі бойынша консультация жүргізу болған еді. Кездесулерде күрішті өндіру және өңдеу бойынша келесі кәсіпорындар қатысты: «Жан-Арай Жем» ЖШС-і, «Най-Мир» ЖШС-і, «Абзал және К» ТС көрсетілген кәсіпорындар аумағында сақтау қоймалары, шикізат ретінде, сондай-ақ дайын өнімді, автотаразы және зертхана, қаптайтын цех, атап айтқанда «Жан-Арай Жем» ЖШС-і ұн тарту диірмені және макарон өндіретін жабдықтармен жасақталған, олардың қалдықтары комбикорм шығаруға қолданылады. 35%-ды құрайтын өнім экспорты көбінесе ТМД елдеріне: Ресейге, Қырғызстанға, Әзербайжанға, Түркменістанға, Тәжікістанға, Өзбекістанға және т.б. шығарылады.
2016 жылғы сапардың бірінші кезеңі кезінде, жоғарыда көрсетілген ведомстволардың өкілдерімен, сондай-ақ Қызылорда облысының әкімдігімен өткізілген кездесулер барысында тағам өнеркәсібіндегі аумақтық кластерлерді атап айтқанда күрішті өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындары іріктеуге қатысу мүмкіндігі талқыланды. Кездесу қорытындысында ұйымдар бағдарламаға қатысуға және сұранымдар даярлауғақызығушылығын білдірді.
Кластерлі саясатты 2015-2019 жж. арналған МИИДБ және ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы«Қазақстандағы кішіжәне орта кәсіпорындардың бәсекеге қабылеттігін арттыру» жобасының шеңберінде жүзеге асыру жүргізіліп жатыр. Жоба конкурсты іріктеу шеңберінде 6 пилотты аумақтық кластерлерді анықтауды, соған сәйкес кластерлі бастаманы жүзеге асыру мақсатында кластерлі анализді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кластерлі саясатты арттыруға арналған мемекеттік қолдаудың қосымша шаралары және қажетті нормативтік қорын әзірлеуді болжап отыр. Жоба екі жарым жылға есептеліп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен сұранымдарды қабылдау туралы қонкурсты жариялағаннан кейін белсенді фазаға түседі.