ОҚО кластерлеумен таныстыру
Ағымдағы жылдың 13-і мен 17-ақпан аралығында «Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ-ның Кластерлі даму орталығының қызметкерлері кластерлі даму бағдарламасы бойынша консултация жүргізу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысындағы (бұдан әрі – ОҚО) Шымкент қаласына барып, «Атамкен» ӨКП-ның және кәсіпорындар мен ұйымдар қатарының өкілдерімен аумақтық кластерлерді іріктеуге қатысатын әлеуетті үміткерлер болып табылатын, атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, ОҚО фармацевтика саласының ассоциациясы, «ХимФарм» АҚ-ы, ОҚО туристік ақпараттық орталығымен жұмыс кездесулер қатарын өткізді.
Кездесу барысында аталған салалардың кәсіпорындары кластерлі дамуға қатысты ақпарат алып, ҚР-ның кластерлі даму бағдарламасына қатысуға дайындығын растады.
Кластерлі саясатты 2015-2019 жж. арналған МИИДБ және ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы«Қазақстандағы кішіжәне орта кәсіпорындардың бәсекеге қабылеттігін арттыру» жобасының шеңберінде жүзеге асыру жүргізіліп жатыр. Жоба конкурсты іріктеу шеңберінде 6 пилотты аумақтық кластерлерді анықтауды, соған сәйкес кластерлі бастаманы жүзеге асыру мақсатында кластерлі анализді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кластерлі саясатты арттыруға арналған мемекеттік қолдаудың қосымша шаралары және қажетті нормативтік қорын әзірлеуді болжап отыр. Жоба екі жарым жылға есептеліп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен сұранымдарды қабылдау туралы қонкурсты жариялағаннан кейін белсенді фазаға түседі.