ОҚО фармацевтикалық кластерінің алғашқы көпшілік таныстырылымы
Ағымдағы жылы 12 сәуірде "Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру" жобасы (бұдан әрі - Жоба) шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы фармацевтикалық кластерінің алғашқы көпшілік таныстырылымы өтті. "ҚИДИ" АҚ кластерлік дамыту қызметкерлері - Серікбай Жалғас және Омаров Әлімжан Жоба бойынша халықарлық кеңесші - Луис Курбелоның қатысуымен кездесу қатысушыларын Жобаның кейінгі кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ, ОҚО фармацевтикалық кластерінің сын-тегеуріндерін еңсеру стратегиясын талқылады.
Кездесуге өңірдің фармацевтикалық саласының 8 өкілі, оның ішінде мемлекеттік органдар, салалық қауымдастықтар және фармацевтика бизнесінің өкілдері қатысты: «НПО Зерде» ЖШС; «Зерде Фито» ЖШС; «Экофарм Интернейшнл» ЖШС; «Фармасинтез-Зерде» ЖШС; "ОҚО фармацевтикалық кластері" қауымдастығы; «Химфарм» АҚ; «Akniet Pharmaceuticals» ЖШС; «Химфарм» АҚ; "Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық академиясы" АҚ.
Алғашқы көпшілік таныстырылым "ҚИДИ" АҚ қызметкерлеріне кластер қатысушыларымен аумақтық кластерді одан әрі дамыту стратегиясын талқылауға, ал шетелдік кеңесшіге INFYDE ID компаниясы қатысқан әлемдегі фармацевтикалық кластерлерді дамыту бойынша бірқатар мысалдарды таныстыруға мүмкіндік берді.