Ақмола облысында сүт өңдеу кластерінің алғашқы көпшілік таныстырылымы

2018 ж. 11 сәуірде Көкшетау қ. "Гормолзавод" ЖШС базасында "Ақмола облысында сүт өңдеу" кластерлік бастамасының қатысушыларымен алғашқы көпшілік таныстырылымы өтті

2018 ж. 11 сәуірде Көкшетау қ. "Гормолзавод" ЖШС базасында "Ақмола облысында сүт өңдеу" кластерлік бастамасының қатысушыларымен алғашқы көпшілік таныстырылымы өтті. Бұл іс-шара кездесулер мен кластердің одан әрі даму жолдарын талқылау қорытындысын шығаруға бағытталды.

Аталмыш мәжілістің нәтижелері бойынша кластердің даму бағыттары айқындалды және Кластерді дамыту іс-шараларының жоспарына кіретін нақты бастамаларды әзірлеу үшін кәсіпорындардың, оқу орындары мен мүдделі стейкхолдерлердің қатарынан стратегиялық жұмыс топтары құрылды.    

"2018 жылы Бурабай ауданында 3000 бас голштин тұқымына арналған сүтті мал шаруашылығының репродуктивті базасын құру жоспарланып отыр" - деп бөлісті "Ақмол сүт" ӘКК төрағасы Аслан Қасенов. А. Қасеновтің айтуынша, аталмыш жобаны іске асыру қолда бар сиырлардың генофондын жақсартуға мүмкіндік береді және олардың өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшының орныбасары Х.Л. Иткусовтың айтуынша Ақмола облысының сүт саласының жағдайы мәз емес. Негізгі проблемалар қызметкерлердің төмен біліктілігі, азықтың жетіспеуі,  жеке қосалқы шаруашылықтарда сүттің төмен сапасы және олардың аумақтық қашықтығы болып табылады. Оның пікірінше, кәсіпорындарды кластерге біріктіру осы проблемаларды шешуге қозғау салады.