А.ж. 24 сәуірде Қарағанды қ. "ҚИДИ" АҚ Индифе (Испания) компаниясының шетелдік кеңесшілерімен бірге Қарағанды облысы құрылыс кластерінің алғашқы көпшілік таныстырылымын өткізді
А.ж. 24 сәуірде Қарағанды қ. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің "Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру" жобасының қолдауымен "ҚИДИ" АҚ Индифе (Испания) компаниясының шетелдік кеңесшілерімен бірге Қарағанды облысы құрылыс кластерінің алғашқы көпшілік таныстырылымын өткізді.
Таныстырылымға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Дүниежүзілік Банк жобасын іске асыру тобының басшысы Ескендір Әлиев, Қарағанды облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілі Саят Көпбалин, Қарағанды облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов, "Қазақстан Республикасы құрылыс саласының ұлттық қауымдастығы" ЗТБ сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Кәрім Түсіпбеков, Қарағанды облысының Құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Төлеген Әшімов, білім беру құрылымының өкілдері: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды тау-кен-индустриялық колледжі, "Құрылыс бизнесін дамыту орталығы" ЖШС, сондай-ақ, Қарағанды облысы құрылыс секторы компаниялары мен кластерінің өкілдері: «Бёмер Арматура» ЖШС, «Alian Paint» ЖШС, «Аспап» ӨК, «Сантехпром» ЖШС, «Азаматтық жоба» Институты" ЖШС, «ККК ЛТД» ЖШС, «ККК Бетон» ЖШС, «Фирма Бирюза и К» ЖШС , «ЖБИ-Қарағанды» ЖШС, «СтройТехнология» ЖШС, «ПрофСтрой-2030» ЖШС, ЖК Кулясов И.П., «Power Beton» ЖШС, «Braer color» ЖШС, «PRO ECO» халықаралық энергия тиімділігі, ресурс үнемдеу және экотехнология орталығы" ҚБ, «Оливия» ЖШС, «Стройка и К» ЖШС, «REALCOM» ЖШС қатысты.
Таныстыру шеңберінде қатысушыларға "ҚИДИ" АҚ қызметкерлері шетелдік кеңесшілермен 2018 ж. қаңтар-наурызда жүргізген сала кәсіпорындармен жасалған жұмыстың нәтижесі ұсынылды. Сондай-ақ, қатысушыларды Жобаны іске асырудың кейінгі кезеңдерімен таныстырды және Қарағанды облысы құрылыс кластерінің негізгі сын-тегеуріндерін талқылады.
Бұл таныстырылым кластердің ағымдағы жағдайын диагностикалауға арналған кезеңнің қорытындылады. Келесі кезеңде а.ж. мамыр-тамыз аралығында "ҚИДИ" АҚ кластер компанияларымен бірге құрылыс саласындағы дамып жатқан жаһандық үрдістерді ескере отырып, кластердің негізгі стратегиялық бағыттарын әзірлеу және Кластерді дамыту іс-шаралары жоспарын жасау жұмысына кіріседі.