Альцгеймер сырқатының терапиясы сынақтары оң нәтижелер көрсетті
BAN2401 атты Альцгеймер дерті терапиясының клиникалық зерттеулері клиникалық сынақтарының II фазасы сатистикалық маңызды нәтиже көрсетті. 850 науқас 18 ай бойы ем алып, нәтижесінде бас миында жиналған бета-амилоида қысқарғаны анықталған. Осылайша, жаңа деректер Альцгеймер дертінің терапиясы амилойдқа бағытталу мүмкіндігін дәлелдеп отыр.
Альцгеймер дертін емдеу нарығы мол коммерциялық мүмкіндіктерге ие, бұның басты себебі дамыған елдер халқының жасы ұлғаюына байланысты осы дертке шалдыққан пациенттер санының артуы. Бүгінгі күні тек АҚШ 5 миллионға жуық адам Альцгеймер дертіне шалдыққан. 2050 жылы бұл көрсеткіш үш есеге өседі деген болжамдар бар. Егер келешекте Biogen және Eisai терапиялары оң нәтиже беретін болса, олар миллардтық сатылымдары бар ауқымды нарыққа шығу мүмкіндігіне ие болады.