Кластерлеу бағдарламасы шеңберінде Атырау қаласына бару.
Ағымдағы жылдың 20-22-ақпан аралығында «Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ-ның Кластерлі даму орталығының қызметкерлері Астырау қаласына барып, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Атырау облысының кәсіпкерлерікті және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен жұмыс кездесулер өтті.
Бұл сапардың мақсаты аумақтық кластерлерді іріктеу бойынша конкурстың ресми жариялануы басталғанға дейін ақпараттық-консультациялық жұмыс жүргізу болып табылды.
Бұдан бұрын, сапардың бірінші кезеңі шеңберінде құрылыс және тамақ өнеркәсібі өкілдерінің Кластерлі даму бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері талқыланған еді.
Балық өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын өндіру бойынша әлеуетті кластерлерлеу көзқарасы құрылды.
«ҚИДИ» АҚ-ның қызметкерлері өткізілген кездесулер барысында іріктеу ережелері, іріктеудің негізгі критерийлер жобасын, сондай-ақ конкурсқа қатысу үшін сұранымдарды толтыру шарттарына катысты барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді
Кластерлі саясатты 2015-2019 жж. арналған МИИДБ және ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы «Қазақстандағы кішіжәне орта кәсіпорындардың бәсекеге қабылеттігін арттыру» жобасының шеңберінде жүзеге асыру жүргізіліп жатыр. Жоба конкурсты іріктеу шеңберінде 6 пилотты аумақтық кластерлерді анықтауды, соған сәйкес кластерлі бастаманы жүзеге асыру мақсатында кластерлі анализді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кластерлі саясатты арттыруға арналған мемекеттік қолдаудың қосымша шаралары және қажетті нормативтік қорын әзірлеуді болжап отыр. Жоба екі жарым жылға есептеліп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен сұранымдарды қабылдау туралы қонкурсты жариялағаннан кейін белсенді фазаға түседі.