GEWR’17 Форумында баяндамамен ҚҚО директоры Р. Едильбекова сөз сөйл
2017 жылдың 4 мен 6 шілдесі аралығында Астана қаласында «GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM» GEWR’17 қуатты жаңғырту және қалдықтарды өңдеу бойынша Екінші Евразиялық бизнес-форум өтеді.
Форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігі, «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша Қазақстан ассоциациясы және «ERBA» Европа-Ресей бизнес ассоциациясы.
Форум «Астана ЭКСПО-2017» «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрме аясында өткізілуде және Қазақстан, Ресей және басқа да Евразиялық экономикалық одақ елдері аймағында қалдықтармен және жаңартылатын энергетикамен жұмыс істеу бойынша бизнестің экологиялық бағытын дамытуға қолдау көрсету үшін маңызды оқиғалардың бірі болды.
GEWR’17 форумында «Қазақстан индустрияны дамыту институты» (бұдан әрі «ҚИДИ» АҚ) құралдарды қолдау Орталығының директоры Едильбаева Раушан ұсынды, ол «Жасылдар» Форумы, «жасыл» экономикаға инвестициялар және қалдықтарды басқару саласын ынталандыру» бірінші сессиясының скипері болып танылды.
Ол «Еңбек өнімділігін арттыруға бағыталған, мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйледі.
Өзінің сөйлеген сөзінде Едильбаева Раушан еңбек өнімділігін арттыруға, былайша айтқанда «Өнімділік 2020», бағытталған қолдау шаралары туралы айтты.
Оның сөздері бойынша, «Өнімділік 2020» қолдау шараларын экономиканың басымды салаларында 1 жылдан кем емес уақытта өз қызметтерін жүзеге асырған кәсіпорындар ала алады. Қалдықтарды өңдеу және жаңартылған қуат мәселелерін талқылау аясында ол тізімдемемен электр қуатын өңдіру, қауіпті қалдықтарды өңдеу және жою, іріктелген материалдарды утилизациялау бойынша қызмет түрлері қаралғанын атап өтті.
«Жасыл технологияларды, қуат үнемдеу технологияларын енгізу еңбек өнімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді. Осыған байланысты, өндірісті ұйымдастыру тиімділігін көтеру прогрессивті басқару және өнімділік технологияларын енгізу немесе/және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін көтеру үшін құжаттама әзірлеу жолымен ұйымдастырылады.» Мысалы, технологиялар мекеменің экономикалық тиімділігін көтереді, сонымен қатар басқарудың автоматты жүйесі (бағдарламалық қамтамасыз ету), қуат тиімді және жасыл технолгиялар, басқару жобаларының стандарттары, Үнемдеу өнімділігі элементтері (Kaizen, TPM, SixSigma, 5 S, Kanban және тағы басқалары). Бұл жағдайды өтінім жасау датасына дейін 12 айдан ерте емес уақытта шығындар шығарылуы тиіс: өлшемі 40%, кәсіпорынға 20 млн. теңге» - деп көрсетті скипер.
Сонымен қатар, Орталық директоры басқа да қолдау түрлеру туралы айтып өтті. Екінші қолдау түрі индустриалды-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және / немесе сараптау шығындарын өтеу болып табылады. Үшінші қолдау шарасы аясында кадрларды, топ-менеджерлерді дайындау және/немесе қайта даярлау және сарапшалрды тарту арқылы үздік өндірістің тәжірибені енгізу шығындарын өтеуге болады. Төртінші қолдау шарасы кең ауқымды спекторды қамтиды және технологиялық аудит, энергоаудит, IT (бағдарламалық қамтамасыз ету) саласындағы консалтинг және оны кәсіпорынға енгізу, компанияны басқару жүйесі, өндірістік зерттемелерді жүргізу және оларды сертификациядан өткізу және басқалары сияқты технологиялық үрдістерді жетілдіру шығындарын өтеуді қоса алады.
Және де, «ҚИДИ» АҚ өкілі жоғарыда аталған қолдау түрлерін ұсыну механизмдерімен жан-жақты таныстырды, бұл механизмдермен кез-келген тілек білдіруші «ҚИДИ» АҚ ресми сайтында www.kidi.gov.kz, «БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ» - «ӨНІМДІЛІК 2020» тарауында таныса алады.
Қортындылай келе, Раушан Едильбаева «ҚИДИ» АҚ 2015 жылы «Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою» коды аясында кадрларды сонымен қатар топ-менеджерлерді дайындау және/немесе қайта даярлау (үнемдеп өндіру бойынша оқыту), қызметтерді жүзеге асыратын екі кәсіпкерлік субъектісінің шығындарын өтеді.
Тұтастай алғанда Форум бір алаңда мемлекеттік органдар, қалдықтармен, альтернативті энергетикамен жұмыс істейтін кәсіпорындар, Қазақстан, Ресей, ТМД басқа да елдері, Евроодақ өкілдерін, сонымен қатар Европа және Азия компаниялары мен сарапшаларды, кәсіподақтарды және жабдықтар өндірушілерін жинады.
Форум бағдарламасында қуаттың тұрақты көздерін дамыту, қуатты жаңғырту көздерін пайдалануды ынталандыруды көтеру, түрлі қалдық түрлерін жинау, іріктеу және өңдеу бойынша инновациялық технологияларды енгізі және пайдалану, сонымен қатар қалдықтардан қуат өндіру жобалары бойынша практикалық есептер мен шешімдері мәселелері қаралды.