"Қазақстанда ШОК бәсекеге қабілеттілігін арттыру" Жобас шеңберінде Алматы өңірі туристік кластерінің алғашқы көпшілік таныстырылымы.
Ағымдағы жылдың 23-24 сәуірінде "ҚИДИ" АҚ «INFYDE ID» компаниясымен бірге Алматы және Талдықорған қ. Алматы өңірі туристік кластерінің алғашқы көпшілік таныстырылымын өткізді.
Талдықорған қ. таныстырылымда "ҚИДИ" АҚ Басқармасы Төрағасының Бірінші орынбасары М.М.Идрисов және кластерлік даму орталығының қызметкерлері, Алматы облысы "Атамекен" ӨКП директоры Н.Б. Әбілшайықов, Алматы облысы Туризм басқармасы, "Жетісу" ӘКК ҰК" АҚ, "Көлсай көлдері" МҰТП, "Шарын" МҰТП, "Алматы облысы ішкі туризмді дамыту қауымдастығы" ЗТБ, облыстың туристік бизнесінің өкілдері, сондай-ақ Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының филиалдары арқылы селекторлық режимде қатысатын 12 аудан атсалысты. Сондай-ақ, Талдықорған қ. сапар барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Естебекұлы Байжановпен кездесу өтті, мұндай "ҚИДИ" АҚ және Алматы обылысы Әкімдігінің Жобаның кейінгі іске асыру кезеңдері шеңберінде ынтымақтастығы мәселесі талқыланды.
24 сәуірде Алматы қ. туристік индустрия өкілдерінің мен мүдделі тараптармен осыған ұқсас таныстырылым өткізілді. Кездесуге "Қазақ Туризм" ҰК АҚ Басқармасы Төрағасының Орынбасары - Дүйсенғалиев Т.Т., Алматы қ. "Атамекен" ӨКП Директоры - Бағдат Телебай, Алматы қ. Туризм және сыртқы байланыс басқармасы, "Алма-Тау" Алматы өңірі туристік кластерінің қауымдастығы, Қазақстан туристік қауымдастығы және туризм секторында жұмыс істейтін 20 астам компания қатысты.
Таныстыру шеңберінде қатысушыларға "ҚИДИ" АҚ қызметкерлері шетелдік кеңесшілермен 2018 ж. қаңтар-наурызда жүргізген жұмыстардың қорытындыларына негізделген, кластерге жүргізілген диагностика нәтижелері ұсынылды. Сондай-ақ, жүргізілген талдау негізінде қатысушыларға өңірдң туристік кластерін дамытуға арналған бірқатар стратегиялық бағыт талқылауға ұсынылды.
Көпшілік таныстырылым кластердің ағымдағы жағдайын диагностикалауға арналған кезеңнің қорытындылауға мүмкіндік берді. Келесі кезеңде а.ж. мамыр-тамыз аралығында "ҚИДИ" АҚ кластер компанияларымен бірге Кластерді дамыту іс-шараларының жоспарын жасауға кіріседі.
Қорытындысында, "ҚИДИ" АҚ командасы атсалысқан барлық компаниялар мен қауымдастықтарға, сондай-ақ Алматы қ. және Алматы облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына, Алматы облысының Туризм басқармасына, "Қазақ Туризм" АҚ және басқа да ұйымдарға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.