Аумақтық кластерлердегі далалық жұмыстардың қорытындылары бойынша көпшілік таныстырылымдар Қазақстанның 6 қаласында өтеді

11-24 сәуір аралығында 6 пилоттық аумақтық кластерлердің - Қостанай, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Талдықорған және Көкшетау аумағында "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" Кластерлік дам

Көпшілік таныстырылымның негізгі мақсаты Іріктелген аумақтық кластерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына кіретін нақты бастамаларды әзірлеу үшін кәсіпорындардың, оқу орындарының және басқа да мүдделі тараптардың қатарынан стратегиялық жұмыс топтарын құру мақсатында кластерлердің даму бағыттарын айқындау болып табылады.

2018 жылғы қаңтардан бастап "ҚИДИ" АҚ Инфиде (Испания) компаниясының шетелдік кеңесшілерімен бірге пилоттық кластерлерде ауқымды жұмыстарды бастаған болатын: кәсіпорындардың басшыларымен 100 астам жеке сұхбат жасалды және іріктелен кластерлердің ағымдағы даму жағдайына талдау жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік банк арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде "Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру" жобасы іске асырылды, онда оқыту және консультациялық қызметтерді ұсыну жолымен институционалдық әлеуетті нығайту арқылы Қазақстан Республикасында кластерлік саясатты дамытуды ынталандыруға бағытталған "Бәсекеге қабілетті секторлар" 2.2. ішкі компонентін іске асыру көзделген. Аталмыш ішкі компонентті іске асыру бойынша әріптес ретінде "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ айқындалды.

2017 жылғы 10 сәуір - 8 маусым аралығында аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге өтінім қабылданған болатын, оның қорытындысы бойынша сараптама жүргізуге 18 өтінім келіп түсті.

2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы наурыз аралығында Еуропалық кластерлік жетілдіру қорымен, «The Cluster Competitiveness Group, Inc.» (АҚШ) компаниясымен және Инфиде (Испания) компаниясымен бірге Қазақстанның төрт қаласында кластерлік дамытудың түрлі аспектілері бойынша 4 тренингтік модуль өткізілді:  Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды.

 

Көпшілік таныстырылымдар өткізу кестесі

 

Кластер

Қала

Күні

Байланыстары

Сүт өңдеу кластері

Көкшетау

11 сәуір

g.saukenova@kidi.gov.kz

z.abzhapparova@kidi.gov.kz

 

Ұн тарту кластері

Қостанай

12 сәуір

zh.baitemirova@kidi.gov.kz

r.mashrupov@kidi.gov.kz

Фармацевтикалық кластер

Шымкент

12 сәуір

zh.serikbay@kidi.gov.kz

a.umarov@kidi.gov.kz

 

Жиһаз кластері

Алматы

13 сәуір

t.shalabaev@kidi.gov.kz

i.bayandinova@kidi.gov.kz

Туристік кластер

Талдықорған, Алматы

23 сәуір

 

24 сәуір

m.nurkina@kidi.gov.kz

l.yelyupova@kidi.gov.kz

Құрылыс кластері

Қарағанды

24 сәуір

z.nurgaliyeva@kidi.gov.kz

a.shulgubayev@kidi.gov.kz

 

 

Барлық тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз!