Алматыда кластерлік даму бойынша 2-ші тренингтік модулі өтті
Ағымдағы жылдың 20-24 қараша аралығында Алматы қаласында Дұниежүзілік банкпен қаржыландырылатын «Қазақстандағы ШОК бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы шеңбернде, кластерлік даму бойынша 2-ші тренингтік модулі өтті. Тренинг аталған саланы талдау мәселелеріне, құндылықтар тізбегін құру жұмыстарын сараптау және саралауға бағытталған.
Бес күнге созылған тренингтік модуль кластерлік даму саласындағы танымал халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтті:
Инес Сограрио, «COMPETITIVENESS Inc» компаниясының серіктесі;
Д-р Мария Луиза Бласкез, «IESE Наварра Университеті» бизнес мектебі Халықаралық бәсекеге қабілеттілік орталығының («International Center for Competitiveness» (ICC) ғылыми қызметкері, Испания;
Д-р Хосе Луис Курбело, Мемлекеттік саясат және қоғамдық игіліктер мәселелері Институтының аға ғылыми қызметкері, Испания;
Хуан Мануэль Эстебан, Инфиде Лтд компаниясының халықаралық кеңесшісі.
Модульде кластерлік даму бойынша әлемдік тәжірибемен негізделген Цирк дю Солей, Zara және Каталонияның тоқыма өнеркәсібі, эко өнеркәсбі салалары, Чилидің авокадо кластері сияқты кластерлік дамудың тәжірибелік кейстері талқыға салынды.
Оқыту Еуропалық кластерлерді жетілдіру қоры (European Foundation for Cluster Excellence), кластерлік даму саласындағы әлемдік сарапшы - «Competitiveness» компаниясы және өңірлер мен облыстардағы қолдауды қажет ететін аумақтық кластерлерлік даму стратегиясын анықтау, әзірлеу және енгізуге мамандандырылған «INFYDE» консалтингтік фирмасының қолдауымен өтті.
Тренингке «ҚИДИ» АҚ Кластерлік даму орталығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері және аумақтық кластерлерінің іріктеуіне қатысушы кәсіпорындар өкілдері қатысты.
«ҚИДИ» АҚ Төрағасының Бірінші орынбасары Марат Ыдырысов «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Дүниежүзілік банк ұсынысымен іріктеу конкурсына қатысқан барлық кәсіпорындарды тренингтік модульге шақыру таралы шешім қабылдады. Тренингтердің өткізілуі еліміздегі кластерлік даму бойынша құзыреттіліктің нәтижелі арттырылуына және бизнестің кластерлік бастамаларын жүзеге асырылуына оң әсерін тигізеді деп сенеміз», - деп түсінік берді.
Кластерлік саясатты орындау шаралары 2015-2019 жж. арналған Қазақстан Респуликасының индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы және ҚР Үкіметі және Дүниежүзілік банк арасындағы «Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасының шеңберінде жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде 6 сынамалы аумақтық кластерлерді анықтау көзделген. Қазақстан Республикасында кластерлік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік қолдаудың ілеспелі шаралары әзірленіп, кластерлік сараптама жұмыстары жүргізілмек.