16-20 сәуір аралығында Қостанай қ. "Кластерлік ұйымды басқару және жобаларды басқару" тақырыбында 5 тренингтік модуль өтті
16-20 сәуір аралығында Қостанай қ. "Кластерлік ұйымды басқару және жобаларды басқару" тақырыбында 5 тренингтік модуль өтті Тренингтік модель ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, "ҚИДИ" Ақ қолдауымен Дүниежүзілік банктің "ҚР ШКС бәсекеге қабілеттілігін арттыру" жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Модульге кластерлік дамыту жөніндегі озық шетелдік мамандар қатысты:
- Реза Заде, Еуропалық кластерлік жетілдіру қорының Атқарушы директоры,
- Инес Саграрио, жетекші кеңесші және «Competitiveness» компаниясының әріптесі,
- Мария Луиза Блазкез, IESE (Испания) Бизнес мектебінің Халықаралық бәсекеге қабілеттілік орталығының ғылыми қызметкері ,
- Вернер Памингер, «Business Upper Austria» (Австрия) Бас атқарушы директоры,
- Хосе Луис Курбело, Қоғамдық игіліктер және мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі институттың (Испания) аға ғылыми қызметкері,
- Йон Ансолеага, ERAIKUNE Баск құрылыс кластерінің Басқарушы директоры .
Әр елде кластерлік дамыту моделі жеке. Бүгінгі таңда кластерлік дамытудың 25-30 жылдық тәжірибесінің арқасында Испания және Австрия сияқты мемлекеттерде кластерлік ұйымдар толыққанды жеке мекемеге айналды, бұнда мемлекеттік қолдау мейлінше қысқартылған. Мысалы, ERAIKUNE Баск құрылыс кластерін қаржыландыру мемлекет тарабынан қолдау 14%-ды құрайды, ал қалған қаржыландыру көздерін жобаларға қатысу және басқару (30%), компанияларға сервис ұсыну (28%) және қатысушылардың мүшелік жарналары (28%) құрайды.
Барлық нарық ойыншылары кластерлік ұйым мен қауымдастық арасындағы айырмашылықты анық түсінеді. Мысалы, Австрияда барлық өндірушілер салалық қауымдастықтарда тұруы тиіс, ол негізінен лоббистік функцияларды атқарады. Басқа ұйымдар (колледждер, университеттер, жеткізушілер) мұндай қауымдастықтарда тұрмайды. Қауымдастық ұлттық деңгейде жұмыс істейді. Өңір деңгейіндегі кластерлерге барлық мүдделі стейкхолдердер қатыса алады: ЖОО-лар, коллдеждер, жеткізушлер, сабақтас салалардың өкілдері және т.с.с. Кластерге қатысу міндетті емес, кластердің шекарасы ашық.
Аумақтық кластерлерді дамытудың арнайы мемлекеттік қолдау құралдары бар екенін атап өткен жөн. Мысалы, Австрияда, сол сияқты Испанияда бірлескен бастамаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты қолдауға және нығайтуға бағытталған арнайы гранттар бар. Мұндай грант кемінде 3 үлестес емес компаниядан тұратын консорциумның бірлескен жобаны іске асыруына есептелген, мемлекет тарабынан қаржыландыру 60%-ды құрайды. Жобалар кооперациялық байланыстарды нығайтуға (көрмелерге, сауда миссияларына және т.б. қатысу), құзыретті дамытуға (тренингтер, арнайы курстарды әзірлеу және т.с.с), сондай-ақ кемінде 1 университетті қатыстыру керек болатын шағын инновациялық жобаларға бағытталған. Мұндай механизмдер ынтымақтастықты ынталандыру құралдары және кластерлерді дамытудың қозғаушы күші болып табылады, компаниялардың “coopetition” (cooperation + competition) қағидаты арқылы өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруына көмектеседі.
Әдетте, кластерлік ұйымдар нарық ойыншыларының арасында сенімді нығайту бойынша үлкен жұмыс атқарылғаннан кейін, бірлескен стратегиялық даму бағыттарын әзірлеу, бірлескен жобалардың пулын жасау және оларды іске асыру құралдарын түсінуден кейін құрылады. Дегенмен, мұндай ұйымдар болмаған, табысты кластерлік бастамалардың мысалдары да бар (Йоркшир теңіз өнімдері кластері).
Осылайша, кластерлік дамыту үшін кластерлік ұйым құру аясы тар мақсат емес, саланың әрі қарай қайда дамитынын, саладағы жаһандық үрдістерге сүйене отырып, қандай стратегиялық мақсаттар қойылуы тиіс, мұндай басқарушы органды құрмас бұрын, нені басқару керек екенін түсіну маңызды.
6 тренигтік модуль Астана қ. 2018 ж. 14-18 мамыр аралығында өтеді.