2017 жылғы 10 шілдеде дөңгелек үстел өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында (Н.Назарбаев Қоры) инновациялар мен IT технологияларды Қазақстанның кәсіпорындарына енгізуге арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Германияның (Фраунгофер атындағы институт) мен «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ жетекші сарапшылары шақырылды
Кездесу кезінде шетелдік сарапшылар Индустрия 4.0. элементтерін енгізу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі идеяларымен бөлісті. Өткізілетін жұмыстың шеңберінде шетел сарапшылары және «КИДИ» АҚ сарапшылары мен бірге 2017 жылғы 10-14 шілде аралығында бірқатар Отандық кәсіпорындарға барады, сондай-ақ мүдделі ведомстволар және ұйымдармен, соның ішінде ғылыми ұйымдардың өкілдерімен кездеседі.
Сарапшылардың сапарының мақсаты Қазақстан өнеркәсібінің Индустрия 4.0 технологиясын енгізуге дайындығын тексеру, сондай-ақ өнеркәсіпті цифрландыруға қажетті өнім берушілер экожүйесін бағалау.
Диалог барысында ғалымдар 3D принтинг, қазақстандық робототехника, ІТ мамандарын даярлау әдістері және т.б. мәселелерді талқылады.
Кездесуге қатысқандар:
– Кристиан Блобнер (Christian Blobner) – Фраунгофер атындағы институттың автоматтандыру және өндірісті басқару жөніндегі ЕО офисінің басшысы;
– Профессор Доктор Эмануель Муллер (Prof. Dr. Emmanuel Muller) – Фраунгофер атындағы институттың инновациялар мен жүйелерді зерттеу жөніндегі ғылыми қызметкер;
– Профессор Андреа Зенкер – Фраунгофер атындағы институттың ғылыми қызметкері;
– Томанов Махмұт – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор. Баяндама тақырыбы: «2018 жылы экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз ететін бес негізгі басымдықтар, Цифрлық Қазақстан – 2020»;
– Құрманов Серік – «КИДИ» АҚ «Индустрия 4.0» компетенция орталығының директоры.
– Жапаров Мейрамбек – PhD, Сулейман Демирель атындағы университеттің инженерлік факультетінің деканы. Баяндама тақырыбы: “B2U- Smart Education on Industry 4.0”;
– Әмірғалиев Бейбіт – техникалық ғылымдардың кандидаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Инновация орталығының директоры. Баяндама тақырыбы: “Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің инновациялық жобалары”;
– Алиманова Мәдина – PhD, «Компьютерлік ғылымдар, Сулейман Демирель атындағы университеттің 3D зертханасының басшысы. Баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасының 3D принтингтегі мүмкіндіктері және проблемалары»;
– Кәрімжан Нұрлан – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Мехатроника зертханасының меңгерушісі. Баяндама тақырыбы: «IT университетінің мысалы негізінде робототехника саласындағы жаңа жобалар»
– Жакиев Нұрхат – Назарбаев университеті, ғылыми қызметкер, физика жөніндегі PhD. Баяндама тақырыбы: «Қарағанды ЖЭО-ның энергия тиімділігін арттыру үшін әзірленіп жатқан ІТ шешімдер»;
– Сұлтанғазин Болат – «Назарбаев университетінің» инновациялық кластері, бизнес инкубаторының директоры;
– Шынтеміров Алмас – техникалық ғылымдардың кандидаты, «Назарбаев университетінің» Ғылымдар мен технологиялар мектебінің профессоры, робототехника зертханасының басшысы, жаңа материалдар туралы Энергетика және ғылымдар орталығы.