«CIECC» қытай инжиниринг компаниясымен кездесу
2016 жылғы 9-қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы индустриалды-инновациялық ынтымақтастық саласындағы 10-отырыс барысында Өндірістік қуат саласындағы ынтымақтастық жоспарды (бұдан әрі – Жоспар) бірлесе әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Отырыс барысында аталған жұмысқа жауаптыларды анықтады, Қазақстан тарапынан – «Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ-ы (ҚИДИ), Қытай тарапынан – Қытай халықаралық инженерлі-консультациялық компания («CIECC») және Қытайдың мемлекеттік даму банкі (ҚМДБ).
CIECC - ҚХР-дағы ең ірі көп профильді инженерлік-консультациялық ұйым болып табылады. Аталған ұйым ҚХР-дағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың анализ және бағалау саласындағы ең мәртебелі ұйым болып табылады.
1982 жылы құрылу кезінен бастап, CIECC ірі ұлттық құрылыс және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша орталық үкіметке, сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша жергілікті билік органдарына, кәсіпорындарға жән банктерге консультациялық қызмет көрсетеді.2010 жылдың соңына қарай аталған жобалар бойынша жалпы инвестициялар көлем сомасы 32 трлн. юань болатын 19 мыңнан астам инвестициялық жобалар бойынша консультациялық кеңес көрсетті.
ҚМДБ – мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік, ірі инфрақұрылымды жобалардың дамуы үшін орташа және ұзақ мерзімді несиелеу құралдарын ұсынатын ҚХР-ның қаржы институты.
Жоғарыда көрсетілген келісім шеңберінде 2017 жылғы 24-ақпанда «ҚИДИ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Құлсейітов А.Ж. жетекшілік еткен өкілдерінің «CIECC» Қытай халық инжиниринг және консалтингті корпорациясы және Қытай мемлекеттік даму банкі өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу Қытай тарапына «ҚИДИ» АҚ-ның қызметі туралы презентацияны ұсынумен басталды. Қытай тарапы ҚХР-дағыөндірістік даму, CIECC және ҚМДБ-ның қызметі туралыақпаратты ұсынды. Соның ішінде, ҚХР-дағы өндірістік даму мәселелері бойынша арнайы экономикалық аумақтардың маңызды рөліне Қытай тарапынан ерекше көңіл бөлінді. Осылайша, егер 2016 жылдың басында ҚХР-да осындай аумақтардың саны 1 568 болса, жылдың соңына қарай аумақтардың саны 3000-нан асып кеткендігі туралы ақпарат берілді.
Бұдан әрі кездесу барысында, тараптар Жоспарды әзірлеу мәселелерін талқылады. Тараптар басымды салаларды белгілеу және ынтымақтастық механизмдерін әзірлеу қажеттілігін айтып кетті. Қытай тарапы ақтық құжаттың ережелері, қағидаттары, мақсаты мен ынтымақтастық мерзімдері, Қазақстан өнердірісіндегі ағымдағы жағдайы көрсетілген «қарапайым және түсінікті» болуына ұсыныс білдірді. Бұдан басқа, құжатта сәйкесінші қолдау (қаржылық шаралар және кадрларды даярлау) шаралары бар бірлескен жобаларға арналған басымды салалары белгіленуі тиіс.
Қытай тарапынан ынтымақтастықты келесі салаларда дамыту қызығушылығы айтылды. Олар: ауыл шаруашылық (өсімдікжәнемал шаруашылығы) өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету саласы. Бұдан басқа, ҚХР-ның ауқатты әлеуеті бар электр мобильдерін өндіру саласында ынтымақтастық мүмкіндігін Қытай тарапы атап кетті.
Жоспарды әзірлеу бойынша кейінгі жұмыс шеңберінде бірлескен жұмыс бастамасы және Қытай тарапынан жұмыс тобының келуін ұйымдастыру туралы уағдаластыққа кол жеткізілді.