ҚР-дағы кластерлеу шеңберіндегі Ақтау қаласына сапардың екінші кезеңі.
Ағымдағы жылдың 13-і мен 15-ақпан аралығында «Қазақстандық индустрия даму институты» АҚ-ның Кластерлі даму орталығының қызметкерлері Ақтау қаласына барып, 2015-2019 жж. арналған МИИДБ және ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы«Қазақстандағы кіші және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабылеттігін арттыру» (бұдан әрі – Жоба) жобасының шеңберінде сапардың екінші кезеңі бойынша жұмыс кездесулер өкізді.
Аталған сапардың мақсаты аумақтық кластерлерді іріктеу бойынша конкурстың ресми жариялануынан бұрын ақпараттық-консультативтік жұмыс жасау болды. Кездесулерде «Атамекен» ӨКП және Маңғыстау облысының туризм басқарамасының өкілдері қатысып, аумақтық кластерлерді іріктеудегі әлеуетті қатысушылардың мүддесіне өкілдік етті. Кездесу барысында аумақтық кластерлерді іріктеу процедуралары бойынша мәселелер талқыланып, сондай-ақ, ӨКП-ның өкілдері Маңғыстау облысының АӨК-ні аумақтық кластерлер конкурстық іріктеуіне қатысуға дайындығы туралы хабарлады.
Бұдан бұрын, 2016 жылғы қыркүйекте сапардың бірінші кезеңінде Маңғыстау облысындағы тарихи-мәдени, теңіз туризмі және құрылыс индустриясы бойынша әлеуетті кластерлердің көрінісі қалыптастырылды.
Қазіргі таңда кездесулер қорытындысы бойынша аумақтық кластрелердің конкурстық іріктеуіне қатысу үшін туризм, құрылыс индустриясы және АӨК-і бойынша Маңғыстау облысындағы компаниялар мен кәсіпорындардың сұранымдары күтілуде.
Жалпы жоба конкурсты іріктеу шеңберінде 6 пилотты аумақтық кластерлерді анықтауды, соған сәйкес кластерлі бастаманы жүзеге асыру мақсатында кластерлі анализді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кластерлі саясатты арттыруға арналған мемекеттік қолдаудың қосымша шаралары және қажетті нормативтік қорын әзірлеуді болжап отыр. Жоба екі жарым жылға есептеліп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен сұранымдарды қабылдау туралы қонкурсты жариялағаннан кейін белсенді фазаға түседі.