ОАР-нда бірқатар металл өнімдеріне қорғаныс баждары
Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) дүйсенбі күні Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) металл өнімдерінің кейбір түрлеріне төтенше «қорғаныс» баждарын енгізуге мәжбүр болатындығы туралы ескертті.
ОАР билігі республиканың болат құю өнеркәсібі импорттың күрт өсуінен күрделі зардап шеккендігі туралы мәлімдеген ArcelorMittal ірі металлургиялық компаниясының жергілікті бөлімшесінің талаптарына жауап ретінде басқа елдерден арзан импорт жолында кедергі қоймақ ниетте.
Ертеректе хабарланғандай, ArcelorMittal South Africa 2016 жылғы 1 сәуірден бастап металл өнімдерінің барлық қатарына бағаны көтерді. Әлсіз сұраныс аясында бағаны көтеруге бұдан басқа ArcelorMittal South Africa компаниясында электр энергиясына және басқа ресурстарға үнемі өсетін шығындардың салдарынан бел буған.
Естеріңізге сала кетсек, қыстыгүні ОАР үкіметі кеден құнынан 10% мөлшерінде қорғаныс баждарын енгізді, бірақ импорт көлеміне ықпал ете алмады.
Сайтқа сілтеме: http://www.steelland.ru/news/metallurgy/6852.html#ixzz44x2vqHax