ЕО, Жапония, Оңтүстік Корея үшін болатқа әкелім бажды ұлғайту
Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Сауда министрлігі жұма күні Еуропалық одақтан (ЕО), Жапониядан және Оңтүстік Кореядан электртехникалық болат жеткізілімдеріне қатысты демпингке қарсы баж енгізу туралы мәлімдеді. Бұл елдер үшін әкелім бажының мөлшерлемесі 46,3% деңгейінде белгіленді.
Өнімдері қытайлық санкцияларға түсетін компаниялар қатарына JFE Steel Corp, Nippon Steel, Sumitomo Metal Corp және POSCO кірді. ҚХР Сауда министрлігінің тізбесінде еуропалық компаниялар жоқ.
Қытай болатты ірі өндіруші ретінде қала отырып, салыстырмалы аз көлемде металл өнімдерін, соның ішінде күш трансформаторлары мен генераторлар өндірісінде пайдаланылатын электртехникалық болатты басқа елдерге экспорттайды.
Жаңа баждар енгізу ҚХР-ның стратегиялық бағдары емес, негізінен, жауапты шара болып табылады. CISA қытайлық шойын және болат қауымдастығының деректері бойынша, қытайлық өндірушілерге қарсы тек 2015 жылдың өзінде 36 демпингке қарсы тергеп-тексеру ашылды.
Сайтқа сілтеме: http://www.steelland.ru/news/metallurgy/6841.html