2017 жылғы 12-17 сәуір аралығында Астана қ. модельдік цифрлы фабрикаларды құру жобасы бойынша "ҚИДИ" АҚ ынтымақтастық шеңберінде Фраунгофер Қоғамы сарапшыларының жұмыс тобы болды
2018 жылғы 12-17 сәуір аралығында Астана қ. модельдік цифрлы фабрикаларды құру жобасы бойынша "ҚИДИ" АҚ ынтымақтастық шеңберінде аға кеңесгі, профессор, доктор Бургхард Шелдің басшылығымен Фраунгофер (Германия) атындағы қолданбалы және ғылыми зерттеулер Қоғамы сарапшыларының жұмыс тобы болды.
Модельдік цифрлы фабрикаларды құру жобасын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "ҚИДИ" АҚ-пен бірге іске асырады.
Аталмыш жобаның мәнісі ортамерзімді перспективада іріктелген 7 жеке кәсіпорында Индустрия 4.0 мақсатты жобаларын (зияткерлік шешімдер, нақты уақыт режиміндегі мониторинг, операцияларды автоматтандыру және т.б.). енгізумен тұжырымдалады.
Өткен жылы Фраунгофер Қоғамының сарапшыларымен бірге цифрландыруға дайын компанияларға іріктеу жүргізілді.
Анықтама үшін: Фраунгофера атындағы Қоғам (https://www.fraunhofer.de) Еуропадағы ірі қолданбалы ғылыми жобалардың провайдері болып табылады. 1949 жылы негізі қаланған, 72 институттан тұрады, онда 25 530 қызметкер жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті - нақты пайдалану үшін зерттеу. Өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру және автоматтандыру институты мен Жүйелі және инновациялық зерттеулер институты "ҚИДИ" АҚ негізгі технологиялық серіктестері болып табылады, олар модельдік цифрлы фабрикаларды құру жобасы бойынша бірге жұмыс істейді. Көрсетілген Институттар жоспарлау, әзірлеу, жарақтандыру және пайдалану жүйелеріне, өндіріске және жеткізу тізбектеріне, жеткізу тізбектерінің инфрақұрылымына мамандандырылған, сондай-ақ адамдар мен машиналар тиімді инновациялық экожүйеге бірігіп, бірге жұмыс істейтін жұмыс жүйелерін әзірлейді.
Жобаға қатысу үшін іріктеп алынған 7 компания түрлі өнеркәсіп саласынан: металлургия, машинажасау, тамақ, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп:
1. "Кентау трансформатор зауыты" АҚ
2. «Karlskrona» ЖШС
3. "Алматы желдеткіш зауыты" ЖШС
4. «Химфарм» АҚ
5. «Евразиан фудс» АҚ
6. «Қазхром» АҚ
7. «Бал Текстиль» ЖШС
"ҚИДИ" АҚ осы компаниялармен Ынтымақтастық туралы келісім жасасты, оның шеңберінде 2018 жылғы мамыр-шілдеде компаниялар үшін Фраунгофер Институттарының сарапшылары "ҚИДИ" АҚ Орталықтарының сарапшыларымен бірге Фраунгофер Қоғамының Индустрия 4.0 Check-Up талдау әдіснамасы бойынша технологиялық аудит жүргізуді және кәсіпорындарды цифрландыру жоспарларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Индустрия 4.0 Check-Up талдау әдіснамасына сәйкес компанияларды дамыту үшін технологиялық, процестік және ұйымдық инновациялардың әлеуеті айқындалады. Осы жылдың қыркүйегіне қарай жобаға қатысушы кәсіпорындарды кешенді жаңғыртудың жол карталары бекітіледі.
Серіктестер командасы Астанада болған кезеңде бірқатар жұмыс кездесулері өтті, оларды өткізу осы жылы жобаның іс-шараларын бірлесіп жетілдіру үшін жоспарланған болатын.
2018 жылы 13-14 сәуірде неміс сарапшылары "ҚИДИ" АҚ сарапшыларын Индустрия 4.0 Check-Up талдау нысанында технологиялық аудит жүргізу әдіснамасын практикалық қолдануды үйретті, оның трансфері қазақстандық сарапшылардың әлеуетін нығайтуға арналған.