Қазақстандық кәсіпорындар өз тиімділігін 30-50% дейін арттыра алады: Fraunhofer сарапшылары

Қазақстанда «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Фраунгофер IPA Өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институтымен және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған өнеркәсіп кәсіпорындары үшін Индустрия 4.0 тақырыбы бойынша оқыту басталды.

 

Аталмыш вебинарлар еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарына Индустрия 4.0 негізгі технологиялары мен тақырыптары бойынша білім трансферін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

«Бүгінгі таңда Индустрия 4.0-бұл тез өзгеретін жағдайларға бейімделудің пәрменді тәсілі және бәсекелестік күресте аман қалу құралы. Мұны сезіне отырып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шетте тұрған жоқ және кәсіпорындардың оларды цифрлық жаңғыртудағы бастамаларын белсенді қолдайды. 2019 жылы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен бірлесіп 102 өңірлік өнеркәсіптік кәсіпорын үшін өндірісте Индустрия 4.0 элементтерін енгізу стратегиясына әдіснамалық ұсынымдар әзірледі. Осы саясатты жалғастыра отырып, біз осы жылы Фраунгофер атындағы Өнеркәсіптік инженерия және автоматтандыру институтының неміс серіктестерімен бірге вебинарлар сериясын өткізудеміз», – деп атап өтті ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Қарабаев.

 

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Индустрия 4.0 орталығының директоры Тангүл Әбдіразақованың айтуынша, цифрландыру тақырыбы бойынша ауқымды оқытуға кәсіпорындар ғана емес, даму институттарының, IT-компанияларының, мемлекеттік органдардың, түрлі ЖОО мен ҒЗИ өкілдері де қатысуда.

«Оқыту бағдарламасы 4 модульден тұрады, оның ішінде цифрлық өндірісті және киберфизикалық жүйелерді бақылау, деректер негізінде өндірісті оңтайландыру, смарт-қызмет көрсету тақырыптары бар. Әрбір модуль интерактивті семинарлар форматында өтеді, онда сарапшылар экономиканың түрлі секторларындағы табысты кейстер туралы әңгімелейді. Мысалы, бүгін оқыту қатысушылары процестерді цифрландыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, Кайдзен және Lean технологияларын енгізу бойынша практикалық кейстермен және модельдермен таныты», - деп хабарлады Тангүл Әбдіразақова.

 

Семинарды ашқан Фраунгофер IPA атындағы машина жасау және автомитазациялау институтының ғылыми қызметкері және жоба жетекшісі Бумин Хатибоглу цифрландыру бүгін өмірдің барлық аспектілерін қалай өзгертетінін айтып берді.

«Технологиялар мен білім базасының көмегімен әр процесті модельдеуге және оның нәтижесін алдын-ала болжауға болады. Индустрия 4.0 әлеуеті кең, кәсіпорындар өз тиімділігін компанияның даму деңгейіне байланысты 30-50% - ға дейін арттыра алады. Мәселен, пайдалану шығындарын 30% - ға дейін, сапа шығындарын – 20% - ға дейін, ақауларды жою бойынша күш-жігерді азайтуға арналған шығындарды ­– 70% - ға дейін, өндіріс, сондай-ақ логистика шығындарын ­– 20% - ға дейін төмендетуге болады», - деп атап өтті ол.

 

Индустрия 4.0 бойынша вебинарлар Zoom онлайн-платформасында 5 қарашаға дейін жалғасады, онда әрбір қатысушы сұрақтар қоя алады, онлайн режимінде неміс сарапшыларымен өзекті мәселелерді талқылай алады.

 

Оқыту тегін жүргізіледі, тіркеу келесі сілтеме бойынша жалғасуда: https://bit.ly/35qoOL9

 

Анықтама: «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 2017 жылдан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша жұмыс жүргізуде. Фраунгофер IPA көмегімен пилоттық кәсіпорындар базасында модельдік цифрлық фабрикалар құрылды. Бұл 7 қазақстандық кәсіпорын, олар 13 млрд теңгеден астам инвестициямен 51 жобаны іске асырады, оның 0,6 млрд теңгесі мемлекеттік қолдау қаражатын құрайды. Енгізілген жобалардың қорытындылары бойынша кәсіпорындар еңбек өнімділігін 25% - ға, ресурс тиімділігін 18% - ға арттыруға, жабдықтың қызмет ету мерзімін 5% - ға ұзартуға, өндірістік шығындарды 20% - ға, еңбек шығындарын 30% - ға және энергия шығындарын 35% - ға азайтуға қол жеткізді.

 

 

Фраунгофер IPA өндірістік инженерия және автоматтандыру институты (Штутгарт қ., Германия) - Фраунгофердің ірі институттарының бірі - 1959 жылы құрылған және шамамен 1000 қызметкері бар. Фраунгофер IPA зерттеумен, әзірлемелермен, өндіріске арналған IT архитектурасы арқылы жеке шешімнен бастап тұтас корпоративтік стратегия әзірлеумен айналысады. IPA зерттеулері био-зияткерлік технологиялардың құндылық тізбегінде, Индустрия 4.0 контекстіндегі сандық түрлендіруде, энергияны сақтау жүйелерінде, үнемді өндіріс жүйелерінде, автоматтандырудағы жасанды интеллект, жеңіл технологиялар мен ресурстарды пайдалану тиімділігінде қолданылады.