«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 2021 жылғы 18 наурызда Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ұйымдастырған «Экспорттаушы кәсіпорындардың ҚХР нарығына шығуының қадамдық тәртібі» тақырыбында онлайн – кездесуге қатысты. Шараға Алматы қаласының 28 өнеркәсіптік кәсіпорын өкілдері қатысьы.
Қала кәсіпорындарынан басқа, онлайн-кездесуге «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері қатысты.
Онлайн-кездесу барысында QazIndustry Қолдау құралдарын дамыту және мониторингілеу дирекциясы басшысының орынбасары Арстанбек Сағиев қатысушыларды кәсіпкерлердің шығындарды, соның ішінде, шығындарды өтеуді алу шарттарымен, тетігімен және тәртібімен таныстырды:
- кәсіпорынның инженерлік-техникалық және өндірістік персоналын оқытуды қамтамасыз ету;
- еңбек шарты бойынша шетелдік жұмыскерді, сондай-ақ еңбек шарты немесе өнімді жылжыту бойынша қызметтер көрсету шарты бойынша шетелдік жұмыскерді тарту арқылы жүзеге асыру;
- индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу;
- монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарына, оның ішінде инженерлік, конструкторлық әзірлемелерге, прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды (АБЖ, бағдарламалық қамтамасыз ету) енгізуге, оның ішінде Индустрия 4.0 элементтерінің технологиясын енгізу.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді, qazindustry.gov.kz порталында онлайн-өтінімдерді беру тәртібі түсіндірілді.
Вебинар аясында монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты шығындарды өтеуге қатысты, шығындарды өтеу үшін кәсіпкерлік субъектілерінің қатысу шарттары және т. б. мәселер талқыланды.
Сонымен қатар, кәсіпорын өкілдері шығындарды өтеуді ұсынудың қолданыстағы тетігін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын, сондай-ақ телевизияда өндірілетін тауарларды жарнамалау, үй-жайлар мен сауда алаңдарын жалға алу және тауарларды сертификаттау және т. б. сияқты тауарларды ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған қолдаудың жаңа құралдарын енгізу бойынша ұсыныстарын айтты.
Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы толығырақ сайттан білуге болады https://qazindustry.gov.kz/ru/business_support.
Анықтама:
2020 жылдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігін арттыру шеңберінде Алматы қаласының 4 кәсіпорнынан 6 өтінім қолдау тапты, олар жалпы сомасы 25,8 млн.теңгеге ("RG Brands Kazakhstan" ЖШС, "KazTechInnovations" ЖШС, "Солнечный сүт зауыты " ЖШС және" Каз СПО-N "ЖШС) шығындардың өтемін алды.