Басылым өз мақаласында Қазақстанның еркін экономикалық аймақтарды (ЕЭА) жоспарлы түрде қалай дамытатынын және олардың Қазақстан экономикасының құрылымын әртараптандыруға әсері туралы сипаттап берді. Газет тілшілері атап өткендей, Қазақстан ЖІӨ көлемі бойынша Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан ел болып қала беруде, оның экономикасы 2014-2016 жылдары өсу қарқыны төмендегеннен кейін қайтадан жеделдей бастады және 2019 жылдың соңында 4,5% деңгейіне жетті.
Мақалада ЕЭА мен ИА ұйымдастыру процесі әлі аяқталмағанына қарамастан, ол шетелдік инвесторлар тарапынан Қазақстанға деген қызығушылықтың артуына ықпал еткені атап өтілді.
Материалда Орталық Азияның интеграциялық үдерістеріндегі Республиканың белсенді рөлі және оның халықаралық деңгейдегі қызметі (Сирия бейбітшілік процесі, АӨСШК), Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі (2015 жылдан бастап) және «Бір белдеу, бір жол» Қытай ауқымды жобасындағы Қазақстанның елеулі рөлі туралы айтылады.
Сонымен қатар, польшалық журналистер ЕЭА мен ИА-да ұзақ мерзімді жоспарлау, іскерлік белсенділікке ықпал ететін жаңа құқықтық шешімдерді тұрақты енгізу, BRI мәнмәтініндегі Республиканың даму әлеуеті және "Еуразиялық Қақпаның" рөлі Қазақстанның экономикалық болашағын оңтайлы болжауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы және ішкі экономикалық саясатты табысты дамытудағы рөлі туралы айтылды.
Мақаланың толық мәтінімен газет сайтында танысуға болады: https://firma.rp.pl/nowe-rynki/11726-kazachstan-inwestycje-specjalne-strefy-ekonomiczne-gospodarka-strefy-przemyslowe-biz