«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 2021 жылғы 9 маусымда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 14:00-де онлайн режимде «ИТАЛИЯ-ҚАЗАҚСТАН» Бизнес-форумының және GO виртуалды платформасы негізінде итальяндық компаниялармен екіжақты кездесулер өткізілетіні туралы хабарлайды.
Бизнес-форум барысында «Механика және өнеркәсіп» панельдік пікірсайысын өткізу жоспарлануда. Негізгі спикерлер ретінде Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы, Берік Бекенов, «QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі, Алессандро Д'Ангело, ТЕНАРИС компаниясының Каспий аймағы бойынша бас директоры және Джанпаоло Аззара, Kios Group бас директоры баяндама жасайды.
Қазақстандағы механика дәстүрлі түрде Италиямен сауданың негізгі секторы болып табылады, атап айтқанда, машина жасау саласында, ол 2019 жылға дейін итальяндық экспортта бірінші орын алды. Алайда, пандемиядан туындаған дағдарыс осы саладағы итальяндық экспортқа қатты әсер етті. Спикерлер пандемиядан кейін қалпына келтіру тұрғысынан саланың болашағы жайлы мәселелерді талқылайды.
Бизнес-форум аясында Италия мен Қазақстанның үкіметтік топтарының қатысуымен бірқатар ресми іс-шаралар өтеді, сондай-ақ италиялық және қазақстандық компаниялар арасында дөңгелек үстел, пленарлық отырыстар және екіжақты кездесулер ұйымдастырылады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР-дағы Италия Елшілігінің сауда алмасуды дамыту бөлімі, сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастықта италиялық өнеркәсіптің «Конфиндустрия» Жалпыға Ортақ конфедерациясы ретінде Қазақстан Республикасында аккредиттелген ИЧЕ агенттігі.
Бизнес-форум Италия мен Қазақстанның өндірістік жағдайын терең таныстыруға және таныстыруға, өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, сондай-ақ Индустрия 4.0 және жаңа технологиялар сияқты секторларда ынтымақтастық пен екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті орнатуға бағытталған.
Форумның алдын ала бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://go.confindustria.it/italy-kazakhstan-business-forum
Алдын ала тіркелу үшін, сондай-ақ екіжақты кездесулерге қатысу және сізді қызықтыратын компанияларды таңдау үшін көрсетілген сілтеме бойынша өту қажет (ағылшын тілінде толтырылады): https://go.confindustria.it/account?ee=24 немесе e-mail бойынша хабарлау: almaty@ice.it, d.sknar@ice.it, m.aubakirova@ice.it, d.grebnev.contr@ice.it
Барлық сұрақтар бойынша ҚР-дағы Италия Елшілігінің сауда алмасуды дамыту бөлімінің кеңсесіне хабарласу қажет: Тел. +7 (727) 2910335, e-mail: almaty@ice.it,
Байланыс тұлғалар:
* Диана Скнар-аға сауда талдаушысы (сот.: +7 777 223 5138, e-mail: d.sknar@ice.it), - агробизнес, а/ш машина жасау және өңдеу (тамақ) өнеркәсібі.
* Мадина Әубәкірова-сауда талдаушысы (сот.: +7 701 470 99 90) e-mail: m.aubakirova@ice.it) - Жасыл экономика, жаңартылатын энергия көздері, мұнай және газ, машина жасау және өңдеу өнеркәсібі
* Денис Гребнев-сауда талдаушысының ассистенті (ұялы.: +7 701 749 34 44) e-mail: d.grebnev.contr@ice.it ) - go платформасын тіркеу және пайдалану сұрақтары