Индустрияландыру картасының және өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдау карталарының жобаларына мониторинг жүргізу әдістемесінің жобасын талқылады

QazIndustry облыстардың, Алматы, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің өкілдерімен Индустрияландыру картасының және өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдау карталарының жобаларына мониторинг жүргізу әдістемесінің жобасын талқылады

2021 жылғы 8 маусымда QazIndustry облыстардың, Алматы, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен онлайн-кеңес өткізді, оның шеңберінде Индустрияландыру картасы жобаларының мониторингі әдістемесінің жобасы және өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау карталары талқыланды.
Әдістеме мынадай негізгі міндеттерді көздейді:

  • карта жобаларының тізбесін қалыптастыру және өзектендіру;
  • карта жобаларын іске асырудағы ағымдағы проблемаларды анықтау және оларды іске асыруда уақтылы шешу;
  • жүйелі проблемаларды анықтау, оларды шешу бойынша тиісті ұсыныстарды одан әрі әзірлеу;
  • өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдіктері әдістемені қабылдаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ жобаларды мониторингілеу кезінде бастапқы деректерді толықтыру және ашу бойынша ұсыныстар берілді.
Жалпы, индустрияландыру жылдарында (2010-2020 жж.) Индустрияландыру картасы және өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау карталары шеңберінде жалпы сомасы шамамен 9,1 трлн теңгеге 1 527 жоба іске қосылып, 212 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды.
2021-2025 жылдарға 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы 8 трлн теңгеден астам 400-ге жуық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде ағымдағы жылы 12,5 тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, сомасы 1,91 трлн теңге болатын 110 жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Анықтамалық:
Индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырудың) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді.

Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді.