Қазақстанда сусабындарды ішкі тұтыну көлемі 17 717,7 млн теңгені құрайды, бұл ретте отандық кәсіпорындар сұраныстың 3%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр. 2020 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпорындар 554 тонна сусабын өндірді.
Қазақстандағы сусабын және басқа да тұтыну химиясын (сұйық және қатты сабын, дезинфекциялау құралдары, санитайзерлер және т.б.) шығаратын ірі кәсіпорындардың ішінде «Аврора» өндірістік холдингін, Goldman&Young компаниясын, «Rixos» сауда маркасы бар «Абай 2050» компаниясын және басқа да шағын компанияларды атап өтуге болады.
Бұл ретте жұмыс істеп тұрған өндірістерді өсіру және жаңа отандық өндірістерді құру үшін мүмкіндіктер бар, бүкіл нарық қазірдің өзінде $40 млн-нан астам соманы құрап отыр.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ есептеулері бойынша өндірісті құру құны рецептураға, шикізатқа, жабдыққа, әріптестерге, сондай-ақ үй-жайды жалға алуға байланысты $1-1, 5 млн.құрайды.
Сусабындарды өндіру үшін су, беттік-белсенді зат (белсенді зат), көбік тұрақтандырғыштары, қоюландырғыштар, белсенді/кондиционерлер, парфюмерлік композициялар және әртүрлі консерванттар (бояғыштар, емдік компоненттер) қолданылады.
Орташа алғанда, сусабындар өндірісі 2-3 жыл ішінде өтеледі.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ