2020 жылдың қорытындысы бойынша, индустрияландыру жүзеге асырылып жатқан 10 жыл ішінде тұңғыш рет өңдеу өнеркәсібінің экономиканы дамытуға қосқан үлесі тау-кен өндірісі саласынан асып түсті, – деп мәлімдеді бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
- Орта мерзімдегі мақсатымыз – 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 миллиард долларға жеткізу. Ал, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру, – деп атап өтті.
Президент сондай-ақ әзірленіп жатқан «Өнеркәсіп саясаты туралы» Заң туралы айтты, оның пікіріншезаң өңдеу өнеркәсібінің алдында тұрған сауалдарға жауап беруге тиіс. Соның бірі – шикізатқа қол жеткізудің қиындығы. Ол үшін отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы қолжетімді, ал көлемі жеткілікті болуы керек деген қарапайым ережені енгізуіміз қажет екенін жеткізді.
Үкімет жыл соңына дейін осы маңызды міндетті шешудің оңтайлы жолын табуға тиіс.
– Жыл соңына дейін Үкімет осы маңызды міндетті шешудің оңтайлы нұсқасын табуы тиіс, – деп тапсырма берді Қасым-Жомарт Тоқаев. – Бұл ретте біздің еліміздің ресурстық әлеуеті толық ашылмағанын, геологиялық зерттелуі төмен деңгейде қалып отырғанын ескеру қажет.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы цифрландыру туралы да айтты. Оның пікірінше, Қазақстан үшін заманауи цифрлық технологиялар трансферті, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу аса маңызды. Біз шетелдегі стратегиялық әріптестерімізбен белсенді жұмыс істеуге тиіспіз, деп есептейді Президент.
Цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспорты 2025 жылға қарай кемінде 500 млн долларға жетуі тиіс. Ол үшін мемлекеттік секторды толық «цифрлық қайта жүктеу» талап етіледі. Бұл жерде басты және бұрыннан келе жатқан проблема мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тиімді интеграциялаудың болмауы болып табылады. Бұл мәселе түбегейлі, жедел шешуді талап етеді, деп мәлімдеді Президент.
Жолдаудың толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтынан танысуға болады — https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtynkazakstan-halkyna-zholdauy-183555